Еңбек және халықты жұмыспен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат: теориялық аспектілері
Қаралымдар: 190 / PDF жүктеулері: 0 / PDF жүктеулері: 91
Аңдатпа
Қазақстан – әлеуметтік мемлекет, еліміздің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі басымдықтарының бірі халықты жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздықты азайту, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, яғни еңбек нарығындағы жағдайды реттеу болып табылады. . Мемлекеттік саясат өз азаматтарын әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етуге және олардың әл-ауқатының
өсуіне ықпал етуге арналған.
Бүгінгі таңда еңбек нарығындағы жаһандық сын-қатерлер жағдайында мемлекет тарапынан халықты
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларын жетілдіру мәселелері ерекше өзекті болып отыр. Бұл өз
кезегінде еңбек нарығындағы жағдайды мемлекеттік реттеудің теориялық және тұжырымдамалық негіздерін жан-жақты зерттеуді талап етеді.
Зерттеу барысында автор еңбек нарығына мемлекеттің ықпал ету құралдарының негізгі теориялық
тәсілдерін анықтады. Біріншіден, бұл еңбек құқығы. Жұмыс барысында заңнаманың еңбек нарығындағы жағдайға әсерін бағалаудың бірнеше тәсілдері анықталды. Осылайша, кадрлардың тұрақтамауын
қысқарту арқылы тұрақты жұмыспен қамту деңгейін арттыру, жұмыс күшінің құнын, жұмыспен қамтуды және еңбек өнімділігін реттеу, жұмысқа деген ынтасын және технологиялық өзгерістерге бейімделуге
дайындығын ынталандыру, халықтың осал топтарын әлеуметтік қорғауды күшейту сияқты аспектілер
айқындалды. Сондай-ақ еңбекті қорғау заңнамасы экономикалық құлдырау жағдайында тұрақтандырушы рөлін атқара алатыны атап өтілген.
Сонымен қатар, зерттеу осы мәселе бойынша сыни аспектілерді анықтады. Мысалы, кейбір сарапшылар еңбекті қорғау туралы заңнама жұмысшылардың кәсіпорындар арасында еркін қозғалысына кедергі келтіреді және экономикалық қолайсыз уақытта жұмыс күшінің бейімделуін бәсеңдетеді, теңсіздікке
әкелуі мүмкін, мұндай жағдайда қамтылғандар мен қамтылмағандар арасындағы алшақтықты кеңейтеді
деп санайды.
Екіншісі – ең төменгі жалақыны белгілеу. Автор бұл құралдарды пайдаланудың дәлелдерін, сондай-ақ олардың қолданылуына қатысты сынды қарастырады.