Әйелдердің Қазақстан Республикасында саяси өмірге қатысудың нормативтік-құқықтық базасы


Қаралымдар: 122 / PDF жүктеулері: 177

Авторлар

Кілт сөздер:

саяси қатысу, әйелдердің саяси қатысуы, саясаттағы әйелдер, Қазақстан Республикасы, Халықаралық құқық, ұлттық заңнама, демократия, әйелдердің өкілдігі, теңдік, сайлау

Аңдатпа

Бұл мақалада өркендеп келе жатқан демократияның маңызды негізі ретінде әйелдердің саяси өмірге қатысуына ықпал ететін Қазақстандағы заңнамалық шаралар қарастырылады, қол жеткізілген прогресс қарастырылып, проблемалар анықталады.

 Нормативтік-құқықтық базаға, атап айтқанда, әйелдердің елдің саяси өміріне саяси қатысуын реттейтін, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктеріне кепілдік беретін, саяси саладағы жыныстар теңсіздігін жою үшін шараларды қамтамасыз ететін, жыныс белгісі бойынша кемсітушіліктің барлық нысандарын жоюға бағытталған халықаралық және ұлттық құқық нормаларға талдау жасалды.

 Сондай-ақ, мақаланы дайындауда интернет-ресурстарға контент-талдау және мониторинг жасалды, әйелдерге, жастарға және мүгедектігі бар адамдарға бөлінген квоталарға қатысты сарапшылардың пікірлері ескерілді, олар өз кезегінде екіге бөлінеді. Егер кейбіреулердің пікірінше, квоталау кемсітушілік болса, басқалары квоталар әйелдердің саяси құқықтарын жүзеге асыруға ықпал етеді деп санайды.

Статистикалық мәліметтерге талдау жасалды. Ғылым, орта және кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі, сот жүйесі, шағын және орта бизнес сияқты әртүрлі салалардағы, сонымен қатар үкімет, Мәжіліс, мәслихаттар, әкімдіктер, Сенат, корпорациялар сияқты шешім қабылдау жүйелеріндегі әйелдердің өкілдігі қарастырылды.

Жүктеулер

Жарияланды

15.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Серикжанова, А., & Нуртазина R. (2023). Әйелдердің Қазақстан Республикасында саяси өмірге қатысудың нормативтік-құқықтық базасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 144(3), 93–100. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/194

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)