Қазақстан Республикасындағы саяси қатысудың әлеуметтік-мәдени аспектілері


Қаралымдар: 57 / PDF жүктеулері: 26

Авторлар

  • Р.А. Нуртазина
  • А.Т. Серикжанова

Кілт сөздер:

мемлекет, Қазақстан Республикасы, саяси қатысу, саяси қатысу факторлері, әлеуметтікмәдени аспектілер, жаңғыру, саяси мәдениет, саяси жүйе.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі Қазақстандағы азаматтардың саяси қатысуыныңәлеуметтік-мәдени
аспектілері зерттелді. Қазақстандықтардың саяси қатысуына ықпал ететін әлеуметтік және мәдени
факторларға қысқаша шолу жасалды. Америкалық ғалымдар Липсет пен Лернерлің ұсынғаназаматтардың
әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси қатысуы арасындағы өзара қатынасының либералдық және
популистік үлгілері қарастырылды. Әлеуметтік-экономикалық даму мен азаматтардың қатысуы арасындағы
өзара байланысының қазақстандық моделін анықтау мақсатында мысалдар берілді.
Авторлар әлеуметтік-мәдени саланы саяси белсенділіктің негізі ретінде қарастырады. Өз кезегінде
халықтың саяси мәдениетінің деңгейін және олардың сыртқы саяси процестерге қарым-қатынасын анықтайтын
Үшінші жаңғыру - қоғамдық сананы жаңғыртуға ерекше көңіл аударылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар», «Ұлы даланың жеті қыры»
мақалаларына қысқаша талдау жасалды. Қазақстандағы әлеуметтік саясат жағдайы, оның негізгі бағыттары,
халықтың табыс деңгейі және әл-ауқат көрсеткіштері бойынша Қазақстанның әлемдік рейтингтегі орны
қарастырылды. Демократия деңгейін арттыру қажеттілігі туралы мәселелер қозғалды, ал азаматтардың
саяси процестерге еркін қатысуы және олардың мәдениеті демократияның анықтаушы факторлары ретінде
қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

17.09.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нуртазина, Р. ., & Серикжанова, А. (2019). Қазақстан Республикасындағы саяси қатысудың әлеуметтік-мәдени аспектілері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 128(3), 66–73. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/605

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)