БАӘ білім беру саясатындағы университет аккредитациясының шешуші рөлі


Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 33

Авторлар

  • Кайранбаев Н.
  • Надирова Г.Е.
  • Кудайбергенова Р.Е.

Кілт сөздер:

БАӘ, жоғары оқу орындары, аккредитациялау.

Аңдатпа

Мақалада елдің өз тәжірибесін халықаралық стандарттарына сәйкестендіруге
бағытталған күш-жігеріне назар аударылады және БАӘ-де қолданылатын аккредитациялау мен
сапаны қамтамасыз етудің әртүрлі түрлері талқыланады. Бұл зерттеудің негізгі зерттеу сұрағы:
БАӘ-нің ұлттық аккредитациялау стратегияларын табысты және тиімді деп санауға бола ма?
Зерттеуде авторлар салыстырмалы талдауды, әдебиеттерге шолуды және құжаттарды талдауды
пайдаланды. Біздің қорытындыларымыз бойынша БАӘ-нің басқа елдерден айырмашылығы
жоғары оқу орындары мен бағдарламалары білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз
ету және растау үшін әртүрлі аккредитациялау стратегияларын қолданғанын көрсетеді. Реттеуші
органдардың болуы және олардың қатаң бағалау процестері білім беру стандартын жақсартуға
көмектесті, ал білім беру процессінің автономиясы және басқару жүйесінің орталықтанбауы БАӘде арнайы білім беру жүйесін құруға мүмкіндік берді.

Жүктеулер

Жарияланды

22.12.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Н. K., Г.Е. N., & Р.Е. K. (2023). БАӘ білім беру саясатындағы университет аккредитациясының шешуші рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 145(4), 215–225. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/190