Мемлекеттік-жекешілік серіктестік қызметінің даму тенденциясы:салыстырмалы талдау


Қаралымдар: 52 / PDF жүктеулері: 41

Авторлар

  • Б. Ахатай
  • Р.А. Нуртазина

Кілт сөздер:

мемлекеттік-жекешелік әріптестіктік (МЖӘ), жеке сектор, мемле-кеттік билік, МЖӘ секторларының бағыттары, статистика, ақпарат, технология, әлеуметтік-денсаулық сақтау саласы.

Аңдатпа

Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің демократиялық трансформа-циялануы қоғамның барлық саласының өзгеруіне, жаңаруына әкелді. Осы тұрғыда на-рықтық қатынастардың принциптеріне қатысты жекеменшік қызметі еркіндігі жолға қойыла бастады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік өзін бизнес пен мемле-кеттің өзара серіктестігін бюджетке түсетін ауыртпалықты азайту және кәсіпкер-лік қызметті дамыту мақсатында экономиканың әлеуметтік маңызды салаларына жеке инвестицияларды тарту үшін, жалпы елдің экономикасын дамыту арқылы сая-си тұрақтылықты қамтамасыз етіп, елдің стратегиялық жоспарларын іске асыруға бағытталған мемлекеттік басымдық ретінде қарастырылады. Сондықтан, қазіргі таңда Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелерін Қазақстан Республикасы-ның мемлекеттік даму басымдықтарында экономиканың жан-жақты дамуы қоғам-ның басқа салаларымен де тығыз байланыстыра отырып зерттеу, саяси ғылым тұрғы-сынан өзекті болып отыр. Қоғамдық мүдденің қажеттіліктерінен туындаған әртүрлі мәселелерді шешуде мемлекетпен әріптестік қатынас жүзеге асырылу мүмкіндігіне ие болды. Қазіргі таңда Қазақстанда да МЖӘ қызметі жолға қойылып дамуда. Мақалада мемлекеттік-жекешілік әріптестігінің қалыптасуы мен дамуының жолы талданып, теориялық тұжырымдарға сүйене отырып, анықтамасы беріліп, әлем елдерінің мемле-кеттік-жекешелік әріптестіктігінің қазіргі кездегі даму тентенциясы «Infrapppworld» әлемдік мемлекеттік-жекешелік әріптестігі ақпараттық орталығының статистика-лық мәліметтері арқылы саясаттанулық талдау жасалып, қорытынды алынды. МЖӘ қызметі дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, жаһандық дамуға сәйкес қа-зақстандық МЖӘ секторларының нысандарын кеңейту ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.03.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ахатай, Б. ., & Нуртазина, Р. . (2022). Мемлекеттік-жекешілік серіктестік қызметінің даму тенденциясы:салыстырмалы талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 138(1), 33–43. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/436

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)