NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы мемлекеттік саясат
Қаралымдар: 54 / PDF жүктеулері: 32
Кілт сөздер:
NEET жастары, жұмыспен қамту, жастарды жұмыспен қамту, әлеуметтік саясат.Аңдатпа
Мақала әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық саясатының ең өзекті мәселелерінің бірі – COVID-19 пандемиясы жағдайында NEET жастарының жұмыспен қамтылуына және
экономикалық белсенділігіне жәрдемдесу мәселесін қарастыруға арналған. Еңбек нарығының көрсеткіштерін халықаралық деңгейде талдау көрсеткендей, жаһандық экономикалық және саяси дағдарыстар
кезеңінде халықтың сын-қатерлер алдындағы ең осал бөлігі жастар болып табылады. Кейбір сарапшылар жастардың басқа жас топтарына қарағанда жұмыс таппай қалу ықтималдығы екі есе жоғары екенін
айтады. Ұзақ мерзімді перспективада жастардың бір бөлігінің еңбек нарығынан шеттетілуі қоғамға төнетін ең ауыр қатерлердің бірі болып табылады. Осыған байланысты NEET жастарын қолдау жөніндегі
мемлекеттік саясат шараларын жетілдіру мәселелері ел үшін ерекше стратегиялық маңызға ие. Зерттеудің мақсаты – NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік
органдардың қызметіне тиімді тәсілдерді анықтау. Зерттеу барысында автор NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясатының ерекшеліктері мен тенденцияларын анықтады, сонымен
қатар Қазақстанда осы тәсілдерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі.