Ежелгі түркі жазба ескерткіштеріндегібірқатар діни тұжырымдарыныңіске асуы


Қаралымдар: 55 / PDF жүктеулері: 106

Авторлар

  • А.А. Мустафаева

Кілт сөздер:

түркі,дін, Тәңір,жазба ескерткіш,концепт,ұғым.

Аңдатпа

Түркілердің тілі, тарихы, діні, ділін және басқа да кілт мәселелерді қамтитын ежелгі және орта ғасырлардағытүркі жазба ескерткіштерінің түркітануды зерттеуде маңызы зор. Ежелгі түркі мұрасының тасқа қашалып жазылу үлгілері ˗әлідесырытолықашылмағанқазына. Бұл тастардың тарихи-археологиялық құндылығынан бөлек, сол дәуірде өмір сүрген түркі халқының рухани мәдениетінен, оның ішінде өмір салтынан, әдет-ғұрпынан, діни наным-сенімдерінен де толассыз ақпарат бере алатыны да күмән туғызбайды. Мақаладада бізсол діни наным-сенімдерінің ажырамас бөлігі болып саналатын ежелгі түркі қоғамында орын алған бірнеше діни концептіні қарастырамыз. Орта ғасырлардағы жазылған жазба ескерткіштермен салыстырғанда, ежелгі түркі жазба ескерткіштері түркі қағандары айтпақшы «мәңгі тастарға» негізделеді. Тастарға қашап жазудағы негізгі мақсат та түркі халқына жолданған бұл өсиетті ұрпақтан ұрпаққа беру және сақтау болып табылады.Дегенмен, ондаған жүзжылдық тарихы бар ескерткіштерге түскен сызық пен жырақтар зерттеушілер арасында әртүрлі тұжырым туғызып, аудармалардың да бірнеше нұсқаларының қалыптасуына әсер етті. Ежелгі түркі жазба ескерткіштерін қазақ түркітануында қарастыру барысында ең алдымен Күлтегіннің кіші мен үлкен жазулары, сондай-ақ Тоныкөк жазуы назарғаалынады. Қағанның«Тәңірідей, тәңіріден жаралған» және «Биікте көк Тәңірі» деп басталатын Күлтегіннің кіші мен үлкен жазуындағы алғашқы жолдарын Жаратушы атыменбастауы да сол кездегідіннің алатын орнын сипаттайды. Ортағасырлық түркі жазба деректерінде де орын алған «Тәңір» сөзі бастауын аталмыш ежелгі түркі еңбектерінен алатынын ескеруіміз қажет. Зерттеуде Тәңір, Ұмай, мәңгі, ажал, жаратылыссияқты концептілер зерделенеді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мустафаева, А. (2022). Ежелгі түркі жазба ескерткіштеріндегібірқатар діни тұжырымдарыныңіске асуы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 139(2), 202–211. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/432

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану