Мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту саясатының теориялық негіздері


Қаралымдар: 127 / PDF жүктеулері: 0 / PDF жүктеулері: 85

Авторлар

  • Б. Ахатай
  • Е. Досымхан

Аңдатпа

Соңғы онжылдықта дүние жүзінде жүріп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйелердің трансформациялану процестері елдерді мемлекеттік-жекешелік әріптестігі саласындағы мемлекеттік саясат тұрғысынан жаңа тәсілдерді іздеуге итермелейді. Қоғамның қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет
пен жеке сектордың әріптестік қатынаста әрекеттесе отырып жұмыс жасауы тетіктерін кеңейту қажеттілігі уақыт өткен сайын артуда. Мемлекет пен жеке сектордың
стратегиялық әріптестігін қалыптастыру арқылы Қазақстан Республикасы елдің болашағын қамтамасыз ететін және кепілдік беретін экономикалық тәртіп пен қатынастар жүйесін қалыптастыра алады.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алып, демократиялық режим талаптарына сәйкес қоғамның барлық салаларын модернизациялады. Экономикалық саланың
нарықтық қатынастар жүйесіне сәйкес трансформациялануы жеке кәсіпкерліктің
қалыптасуы мен дамуына негіз болды. Осы тұста қоғамның қажеттілігін қамтамасыз ету салалары мектеп, балабақша, денсаулық сақтау, қызмет көрсету салалары, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, туризм т.б. мемлекеттің қолдауымен жеке сектор
арқылы атқарылуы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып жүзеге асты. Әлемде экономикалық дамыған елдерде мемлекеттік-жекешілік әріптестік қызметі жолға қойылып,
дамуда. Әрбір елдегі жекеменшік секторлары қоғамның әлеуетін қамтамасыз ету мақсатында екі жақтың да мүдделерін қанағаттандыру мақсатында жұмыс істеу үшін
оның қызметіне мүмкіндік жасайтын саяси жүйе қызмет жасауы керек. Яғни, демократиялық режимдегі ашық қоғам меншіктің барлық түріне еркіндік беретін либералистік принципте мемлекетте экономиканың маңызды секторының бірі жекеменшік
пен мемлекеттің әріптестігі қызметіне жол ашылады.
Мақалада мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің мәселелерін зерттеп, оның шешу
жолдары мен механизмдерін ұсынуда ең алдымен осы мәселені теориялық тұрғыда негізделуі қарастырылады. Яғни, зерттеу жұмысы сүйенетін теориясын талдап, жалпы
ғылыми әдістерге сүйене отырып, теорияны операционализациялау, анологиялық теорияларды талдау, оларды классификациялау, индукция, дедукция әдісі арқылы теорияны
нақтылап осы мәселенің теориясын қойып, методологиясын сипаттау. Демек, ғылыми
теория анықталып, әдістер арқылы тексеріледі.

Жүктеулер

Қосымша файлдар

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ахатай, Б., & Досымхан, Е. (2023). Мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту саясатының теориялық негіздері . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 142(1), 18–28. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/98

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар