Теріс ақпараттың шиеленісті үдете түсудегі рөлі және Қазақстанның саяси тұрақтылығына әсері


Қаралымдар: 77 / PDF жүктеулері: 21

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-171-184

Кілт сөздер:

теріс ақпарат, ақпараттық қауіпсіздік, психоэмоционалдық әсер, саяси тұрақсыздық, әлеуметтік медиа, қоғамның поляризациясы, медиасауаттылық

Аңдатпа

Қазіргі жаһандану дәуірінде және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жоғары деңгейде дамуы жағдайында шындыққа жанаспайтын теріс ақпараттың таралу қарқыны кеңейе түсті. Олардың БАҚ және әлеуметтік медиа арқылы тез таралуының арқасында, бұл құбылыс қоғамның санасына манипуляция жасап, саяси қысым көрсетудің қуатты құралына айналып отыр. Сонымен қатар ақпараттың таралу жылдамдығы мен ауқымдылығы халықтың арасында да, саяси жағдайларда да шиеленістің ушығуына түрткі болуда. Бұл мақалада авторлар ақпараттың қоғамның психоэмоционалдық санасына әсері және ішкі әлеуметтік-саяси ахуалдың дисгармонизациясы мәселелерін көтереді, сондай-ақ «теріс ақпарат тарату» ұғымына қатысты негізгі тәсілдерді талдайды. Бұл зерттеуде медиахабарламалар мен кейбір қоғамдық тұлғалардың мәлімдемелерін талдау нәтижесінде контент-талдау және кейс-стади әдістері негізінде Қазақстандағы саяси ахуалдың тұрақсыздануына ең көп әсер еткен теріс ақпараттық таратулар және олардың көздеген мақсаттары зерттелді. Сондай-ақ жүйелі тәсіл аясында негізгі акторлар ретінде Ресей мен Батыс елдері қарастырылып отыр. Олар Қазақстанның ақпараттық кеңістігін өздерінің стратегиялық мүдделерін ілгерілету мақсатында геосаяси ықпал ету құралы ретінде көреді. Зерттеу нәтижелері теріс ақпараттық таратулардың Қазақстан халқының медиасауаттылық деңгейінің төмендігіне байланысты халыққа айтарлықтай әсер ететінін көрсетті. Бұл соңғы 5 жыл бойы жалғасып келетін үрдіс болып табылады. Сонымен қатар зерттеу деректеріне сүйене отырып, авторлар медиасауаттылықты арттыру және халықтың ақпараттық шабуылдарға төзімділігін нығайту, сондай-ақ теріс ақпаратпен күресу бойынша нақты практикалық ұсыныстар әзірледі. Бұл Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды болып есептеледі.

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Дмитриева, А., Оспанова, А. ., & Жолдасбекова, А. (2025). Теріс ақпараттың шиеленісті үдете түсудегі рөлі және Қазақстанның саяси тұрақтылығына әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 150(1), 171–184. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-171-184

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану

Most read articles by the same author(s)

1 2 > >>