Қазақстандағы «диплом фабрикалары» жүйесінің қалыптасу тарихы


Қаралымдар: 43 / PDF жүктеулері: 24

Авторлар

  • А.Н. Оспанова
  • Ж.М. Сабитов
  • Ж.Е. Нурбаев

Кілт сөздер:

«дипломдар фабрикалары», жоғары білім, білім беру реформалары, білім сапасы, жеке жоғары оқу орындары, бәсекелестік орта, жоғары оқу орындарының түлектері, дипломдар, аккредиттация институттары, жоғары оқу орындарының рейтингі.

Аңдатпа

Мақала отандық білім берудегі «диплом фабрикаларының» пайда болу тарихына
арналған. Зерттеудің өзектілігі авторлардың күмәнін туғызбайды, соңғы бірнеше жылдардан бері
мемлекет күмәнді дипломдардың берілуін үлкен ағымға қойған жауапсыз жеке оқу орындарымен
күресуде. Авторлар «диплом фабрикасы» (ағылш. diploma mill) терминінің пайда болу тарихын
ашып көрсетеді. Мұндай оқу орындарының мемлекеттегі білім беру жүйесінің беделіне және
мемлекеттің өзіне нұқсан келтіреді деп есептейтін президент Қ.Қ.Тоқаевтың пікірімен келіспеуге
болмайды. Президент сондай -ақ, жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін де жастар өз
мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмайтынын айтты - бұл білім сапасының тікелей көрсеткіші.
Авторлар Қазақстанда 1990 жылдары мемлекеттік меншіктен жеке меншікке көшу белең
алғанын, басқаша айтқанда жекешелендірудің күрт өскенін атап өтеді. Бұл құбылыс білім беру саласына қатты әсер етті, бұл кезде дәстүрлі
мекемелермен қатар мемлекеттік емес білім беру мекемелері – балабақшалар, гимназиялар,
колледждер, лицейлер, ең алдымен жоғары оқу орындары пайда болып, тез дами бастады. Осыған
сәйкес білім беру қызметтері нарығының осы екі сегменті арасындағы бәсекелестік өсті.
Табыс көзін қуған жеке жоғары оқу орындарының білім сапасына мән бермеуі, олардың
соңғы бірнеше жыл ішінде жабылуына себеп болды. Білім беру саласының мерзімді тазартылуына
қарамастан, әлі де жауапсыз жоғарғы оқу орындары бар, алайда олардың белсенділігі уақыт
еншісінде ғана.
Қазақстандық жоғарғы мектептің табысы мен сапасының жоғарылауының басты кепілі
әрдайым бәсекелестік болғандығын және бола беретіндігін түсіну қажет. Бәсекелестік мемлекеттік
органдар тарапынан протекционизмсіз, кінәратсыз болуы керек деген жалғыз шартпен ғана.
Нәтижесінде, білім беру қызметтерінің ішкі нарығында кім қалатынын шығармашылық,
жаңашылдық пен өз ісіне берілгендік сияқты қасиеттер анықтайды.

Жүктеулер

Жарияланды

25.09.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Оспанова, А., Сабитов, Ж., & Нурбаев, Ж. (2021). Қазақстандағы «диплом фабрикалары» жүйесінің қалыптасу тарихы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 136(3), 44–53. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/480

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)