Затты жазу, суретті жазу және ой жазу кезеңдері
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
жазу, петроглифтер, затты жазу, суретті жазу, мәдениет, таңба, жазу тарихы, дала көшпелілеріАңдатпа
Аталмыш мақала дала көшпелілерінің жазу мәдениетіне арналған. Жазу мәдениетінің алғашқы кезеңдері затты жазу, суретті жазу және ой жазу кезеңдеріне тиесілі деректер мен жазбаларға талдау жасап, тарихына үңіледі. Затты жазу кезеңінден бізге жеткен деректер негізінде оқиға желісін талдап, оның қазіргі таңға дейін жеткен танымдық әсерлеріне тоқталады. Суретті жазу кезеңіне тиесілі петроглифтер мен таңбаларға сюжеттік тұрғыда талдау жасап, көшпелілер танымындағы семантикасына үңіледі. Атап айтқанда Моңғолиядағы Шивээт Хайрхан, Аршан хад, Хойт-Цэнхэр, Бага-Ойгур, Ресейдің Таулы Алтай өңіріндегі Бичикт-Бом, Қаракөл, Тува өңіріндегі Бижикт-Хая, Бии-Хем, Хакасия өңіріндегі Қарасұқ жазбалары, Қазақстандағы Ақ-Бауыр, Жетісу, Таңбалы, Теректі Әулие петроглифтеріне тоқталады.
Автохтонды негізді көне түрік бітіг жазуының қалыптасуына тарихи, мәдени тұрғыда алғышарттар мүмкіндігін қарастырып, жазу тарихы кезеңдерінің орындалу барысына тоқталады. Көне түрік бітіг жазуын құраушы әріп таңбаларының архетиптеріне үңіліп, олардың дала көшпелілері өмір сүрген аймақтағы петроглифтер мен таңбалармен байланысына талдау жасайды. Осы арқылы көне түрік жазу мәдениетінің әлем мәдениетіндегі орнын анықтауға тырысады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.