Президент Барак Обаманың Ауғанстан саясаты


Қаралымдар: 71 / PDF жүктеулері: 34

Авторлар

  • Д.А. Айтжанов
  • А.Н. Оспанова
  • У.М. Оракбаева

Кілт сөздер:

Ауғанстан, АҚШ, Барак Обама, коалиция, халықаралық терроризм, НАТО, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы.

Аңдатпа

Ауғанстан – ондаған жылдар бойы әскери қақтығыс оты шарпыған мемлекет. 1990-жылдары негізгі бөлігін «Талибан» исламистік қозғалысы басып алғаннан бері ол Орталық Азия ғана емес,
бүкіл әлемнің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ел ретінде қарастырыла бастады. 2001 жылғы 11 қыркүйектегі шабуылдардан кейін АҚШ пен одақтастардың әскери күштері Ауғанстанға басып кірді. Халықаралық терроризмді жоюға бағытталған науқан тек 2021 жылдың 31 тамызында аяқталды, сол кезде АҚШ
қарулы күштері елден толығымен шығарылды. Сонымен бірге, АҚШ-тың ауған саясатын және оның
нәтижелерін бағалау мәселесі Б. Обаманың билігі кезінде өзекті болды (2009-2016 жж.).
Б. Обама билікке келгенде Ирак пен Ауғанстандағы әскери операциялардың құны 1 триллион АҚШ
долларына жуықтады. Президент ретінде Обама өз елінің құрылысы мен дамуына көп көңіл бөлді. Мемлекеттің байлығы – биліктің, соның ішінде әскери қуаттың, дипломаттардың күш-жігерінің негізі. Бұл
АҚШ-қа ХХІ ғасырда басқа мемлекеттермен сәтті бәсекелесуге мүмкіндік береді.
Обама инаугурациядан кейін өз әкімшілігінің Ауғанстанға қатысты стратегиясының негізгі тармақтарын анықтады. Бірінші – саясат «кешенді» болуы тиіс, яғни соғыс жүргізумен қатар Ауғанстандағы экономикалық және әлеуметтік қайта құруларға ден қою керек. Екінші – Обама жұртшылық көптен бері
күткен, алайда Буш әкімшілігі іске асырмаған «кету стратегиясы» туралы айта бастады. Бұл АҚШ көздеген мақсатына жеткеннен соң, Ауғанстаннан уақытында кетуі керек дегенді білдіреді. Стратегияның мақсаты келесідей тұжырымдалған: Пәкістанда орналасқан «Аль-Каида» террористік ұйымын толығымен жою. Үшіншісі – Ауғанстан аумағына ықпал ететін негізгі күш Пәкістан екенін мойындау, демек мұны
«АҚШ-тың ауған-пәкістандық саясаты» деп қарастырған жөн және оны жүзеге асыру үшін «аймақтық
күш-жігер» қажет.
Бұл мақалада АҚШ-тың 2010 және 2015 жылдардағы Ұлттық қауіпсіздік стратегияларын және басқа
да ресми құжаттарды, аталған мәселелермен айналысатын авторлардың пікірлерін зерттеу негізінде
Б. Обаманың ауған бағытындағы сыртқы саясаты ерекшеліктерін, оның жетістіктері мен қателіктерін
анықтауға әрекет жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Айтжанов, Д., Оспанова, А. ., & Оракбаева, У. . (2022). Президент Барак Обаманың Ауғанстан саясаты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 140(3), 106–118. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/404

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану

Most read articles by the same author(s)

1 2 > >>