Орталық Азиядағы аймақшылдықтың жаңа тамыры: 2022 жылғы IV кеңестік кездесу қорытындысы бойынша президенттердің сөйлеген сөздері мен құжаттар мәтініне мазмұндық талдау


Қаралымдар: 159 / PDF жүктеулері: 168

Авторлар

Кілт сөздер:

Орталық Азия, аймақтық ынтымақтастық, аймақшылдық, консультативтік кездесу, достық және ынтымақтастық туралы келісім, бірлескен мәлімдеме, президент сөзі, мазмұнды талдау

Аңдатпа

2022 жылы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV кеңестік кездесуі барысында Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамыту жөніндегі достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бұл факт Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан республикалары арасындағы ынтымақтастықтың тереңдей түскенін, сондай-ақ Орталық Азияда аймақшылдықтың жаңа желісінің пайда болу мүмкіндігін  көрсетті.

Мақалада шарт мәтіндерінің, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірлескен мәлімдемесінің және республикалар президенттерінің сөйлеген сөздерінің мазмұндық талдауы беріліп, сол арқылы аймақ елдері үшін ынтымақтастық саласындағы негізгі басымдықтар айқындалады. Эмпирикалық зерттеулердің нәтижелері аймақтық ынтымақтастық пен қауіпсіздікке қатысты мәселелер Орталық Азия елдері үшін басымдық болып қала беретінін көрсетеді.

Мақала келесі бөлімдерден тұрады: кіріспе, аймақшылдық процестеріне арналған теориялық бөлім, Орталық Азиядағы аймақтық интеграция тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу, зерттеу әдістемесінің толық сипаттамасы, нәтижелер мен қорытындыларды талқылау, сонымен қатар аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі тенденцияларына қысқаша шолу.

Жүктеулер

Жарияланды

30.05.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мукашева, З., & Ахмедьянова, Д. (2024). Орталық Азиядағы аймақшылдықтың жаңа тамыры: 2022 жылғы IV кеңестік кездесу қорытындысы бойынша президенттердің сөйлеген сөздері мен құжаттар мәтініне мазмұндық талдау . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 146(1), 8–21. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/649

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар