Абай шығармаларындағы қос сөздердің семантикалық ерекшеліктері
Қаралымдар: 120 / PDF жүктеулері: 164
Кілт сөздер:
Абай, Абай шығармаларының тілі, қос сөздер, қос сөздің екінші сыңары, көнерген сөздерАңдатпа
Сөздерді қосарлап қолдану құбылысы әлем тілдері ішінде әсіресе түркі
тілдеріне тән. Қос сөздер Орхон-Енисей ескерткіштерінен бастап көне және ортағасыр
түркі жазба жәдігерлерінде көптеп кездеседі. Қазақ тілінде де cөз қосарлау – сөз жасаудың
кең тараған әдісі. Сөзден сөз тудырудың бұл жолын Абай да молынан пайдаланған.
Абайдағы қос сөздердің көбі қазіргі әдеби тілде жұмсала бермейтін ақынның тіліне
тән қолданыстар деуге болады. Олардың кейбірі қазақ әдеби тіліндегі сөздердің негізінде
жасалып тұрса да, беретін мағынасы бүгінгіден өзгешерек. Ал көбі қазақ тілінің
сөздік қорында ұшыраспайтын сөздерді қосарлау арқылы жасалған. Қазақ тілінде
ұшыраспайтын сөздердің ішінде кірме элементтер де бар. Міне осы жағдайлардың бәрі
Абайдағы қос сөздердің бастапқы мағынасына, тұлғалық ерекшелігіне, түп-төркініне
қарай ажыратуды талап етеді. Мақалада қазақ әдеби тілінде жиі кездеспейтін бірақ
Абайдың тіліне тән қос сөздер сұрыпталып, олардың бастапқы мағынасы түсіндіріледі.
Абайға тән қос сөздердің ішінде төркіні белгісіз екінші сыңарларының этимологиясы
түркі жазба мұралары және тілдері деректері негізінде талданады. Сондай
қолданыстардың ішінде осы күнге дейін түркі материалдары негізінде талданбаған
елсіз-күнсізде, дөң-айналу, әкә-үкә, сәлем-сауқат, телі-тентек, ұран-сүрен, ет-жүрек
сияқты қос сөздердің тарихы қарастырылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.