Қазақ және түрік тілдеріндегі фразеологизмдердің түрлері мен қызметтері (Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» шығармасы негізінде)
Қаралымдар: 92 / PDF жүктеулері: 99
Кілт сөздер:
қазақ тілі, түрік тілі, фразеологизмдер, Бердібек СоқпақбаевАңдатпа
Бұл мақала қазақ әдебиетінің көрнекті жазушыларының бірі Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» атты еңбегіне негізделген. Бұл жұмыста кітапта анықталған қазақ-түрік фразеологизмдерінің мағыналары зерттеліп, осы тұрақты сөз тіркестерінің түрік тіліндегі баламалары берілмек болды.
Дұрыс аударма үшін, ең алдымен, аудармашының сөйлем элементтері арасындағы байланысты, сөз бен сөз таптарындағы ауыспалы және фразеологизмдік мағыналарды ажырата білуі арқылы ұсынуы өте маңызды. Тұрақты сөз тіркестерін аудару кезінде аудармашы бастапқы тілдегі берілген өрнектің мағынасын сақтай алуы өте маңызды. Сондықтан зерттеудің тағы бір мақсаты – тілдер арасындағы фразеологизмдердің аудармалары барысында кездесетін аударма мәселелерін анықтау және шешу жолдарын көрсету болып табылады. Қазақ және түрік тілдерін тұрақты сөз тіркестері тұрғысынан салыстырған кезде, екі тіл арасында формалды және мағыналық контекстте көптеген ортақ фразеологизмдердың бар екені көзге түсті. Дегенмен, бастапқы және аударма тілдердің арасында еш баламасы жоқ кейбір тұрақты сөз тіркестері де бар екендігі және формальды түрде ұқсас тілдік бірліктері бола тұра, әр тілде әртүрлі мағынаға ие фразеологизмдер де анықталды. Бұл жағдай тілдер аралық аудармаларда алдамшы балама болып саналатын «тұзақ сөздер» сияқты «тұзақ фразеологизмдердің» де бар екендігін көрсетеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.