Қазақ қыз есімдері және бағалы зат атаулары
Қаралымдар: 69 / PDF жүктеулері: 95
Кілт сөздер:
қазақ қыз есімдері, қаржы-экономикалық терминдер, тері атаулары, мата түрлері, жібек, алтын, ақшаАңдатпа
Қазақ халқы өз қыздарын барлығынан асыл деп бағалаған, баға жетпес деп аялаған. Сондықтар нәзік жандарға «бағалы» мағынасындағы ең көркем есімдерді берген. Қазақ қыз есімдерінің негізі «асыл, баға жетпес, аса құнды, тым бағалы» деген ұғымдармен байланысты болатыны бірінші кездекте осыдан болуы керек. Қазақта қыз баланыың қаншалықты «бағалы» екенін оларға ең құнды әрі қаржы-сауда тұрғысынан маңызы орасан зор зат атауларына қатысты есім қойғанынан да байқаймыз. Әсіресе, нәзік жандылардың арасында асыл тастардың, құнды пайдалы қазбалардың, сирек мата немесе жібек түрлері және таптырмас тері атауларына қатысты есімдердің едәуір жиі қойылатынын көреміз. Солардың ішінде Гaуһap, Iнжу, Aлмacгүл, Aлтын, Мapжaн, Мeруepт, Kүмic, Зaринa, Зeрe, Лaғыл, Фиpузa, Canуpa, Зүбәpжaт, Mәpмapa cекілді есімдер бағалы қазба байлық немесе кенмен байланысты саналады. Жiбeк, Topғын, Topқа, Бapшын, Бapшa, Maқпaл, Macаты, Шұғa, Қaмқa, Қaтиnа, Қыpмызы, Дүpия, Пaтcaйы, Бәтec сияқты қыз аттары бағалы мата атауларына қатысты есімдер тобына кіреді. Kәмшaт, Құндыз, Жaнaт, Үкiжaн есімдерін тері немесе жануар аттарына байланысты есімдерге жатқызуға болады. Ақша-валюта атауларымен байланысты есімдерге Динapa, Дiлдa, Maнaт, Ақтеңге/Теңгегүл аттарын жатқыза аламыз. Мақалада сауда-саттыққа қатысты заттар немесе бағалы зат атауларына байланысты есімдердің Қазақстанда және түркі тілдес елдерде қойылуы немесе таралуы бойынша қысқаша статистикалық деректер келтіріледі. Аталған есімдердің шығу төркіні көне түркі әрі қазіргі түркі тілдері деректері және көрші, туыстас емес тілдердің сөздіктерін пайдалану негізінде анықталады. Сондай-ақ ақша, тері, мата, метал, кен атауларына қатысты есімдердің тізімі жасалып, олардың этимологиясы ұсынылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.