Араб тілінен мәмлүк-қыпшақ тіліне аударылған діни ескерткіш ретінде «Китаб Муқаддима» еңбегінің аудармасы бойынша жүргізілген зерттеулер
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-160-173Кілт сөздер:
мәмлүк-қыпшақ тілі, Китаб Муқаддима, Әбу Ләйс әс-Самарқанди, араб тілі, қазақ тілі, түрік тіліАңдатпа
Әбу Ләйс әс-Самарқандидің «Китаб Муқаддима» еңбегі ислам негіздерін (ғылымхал) қамтитын мәмлүктер кезеңінде араб тілінен мәмлүк-қыпшақ тіліне аударылған аса маңызды қолжазба саналады. Аталған жазба мұрада қыпшақ және оғыз тілдік элементтерінің қатар қолданылуы мәтіннің аралас тілдік құрылымға ие екенін көрсетеді. Ескерткіштің тілдік ерекшеліктері араб және түркі тілдерінің қалыптасу үдерістерін түсінуде үлкен маңызға ие. Сондықтан «Китаб Муқаддима» екі тілдің де тіл білімі мен дінтану саласындағы өзара сабақтастықты түсінуге үлес қосатын негізгі мәтіндердің бірі болып есептеледі.
Мақалада Әбу Ләйс әс-Самарқандидің «Китаб Муқаддима» еңбегіне арналған бірқатар елдерде жарияланған ғылыми зерттеулер, кітаптар, диссертациялар мен мақалалар талданады. Еңбектің тілі, аудармасы және мазмұндық сипатын зерттеуге қатысты ғылыми тәсілдер зерделенеді. Сонымен қатар қарастырылған зерттеулердің тақырыптық бағыттары айқындалып, ең көп зерттелген салалар айқындалады.
Осы дереккөздер негізінде зерттеулер ғылымхал және діни мазмұнға, күрделі етістіктер мен тұрақты құрылымдарға, лексикалық құрам мен лексикологиялық зерттеулерге, септік формаларына, шақ пен рай категорияларына, көсемше мен есімше түрлеріне, морфологиялық және фонетикалық ерекшеліктерге, оғыз және қыпшақ элементтерінің қатар қолданылуына, сондай-ақ қолжазба нұсқалары мен жолма-жол аудармаларға арналған еңбектер ретінде жекелеген бөлімдер бойынша жүйеленеді. Осылайша бұл жұмыс тіл білімі саласындағы және қазіргі зерттеулердегі кемшіліктер мен зерттелмеген қырларды айқындауға бағытталған. Бұл бағалау болашақта жүргізілетін ғылыми жұмыстарға бағыт-бағдар береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




