Түркі-араб тілдік байланыстары: ортағасырлық лексикографиялық дереккөздердегі түркизмдер


Қаралымдар: 31 / PDF жүктеулері: 21

Авторлар

  • Б.Н. Жұбатова
  • Қ.Қ. Аубакирова

Кілт сөздер:

мәмлүктер, мәмлүк-қыпшақ тілі, кірме сөздер, араб тіліндегі түркизмдер, жазба ескерткіштер, грамматикалық еңбектер, сөздіктер.

Аңдатпа

Мақалада ортағасырлық араб және түркі-қыпшақ тілдеріндегі жазба ескерткіштер негізінде
мәмлүктер билігі тұсындағы (ХІІІ-ХV ғ.) түркі-араб мәдени және тілдік байланыстары қарастырылған.
Сонымен қатар этнолингвистикалық дереккөз ретінде мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған жазба ескерткіштерге
талдау жасалу арқылы араб тіліне енген түркизмдер анықталған. Бірнеше ғасырға созылған түркі-араб тарихимәдени байланыстарының нәтижесінде түркі тілінің араб тіліне ықпалы арта түсті. Мәмлүктер дәуірінде
мәмлүк-қыпшақтары мен жергілікті халықтардың, сонымен бірге Алтын Орда мен Мысыр арасындағы жанжақты қарым-қатынас түркі және араб тілдерінде, сонымен қатар екі тілдің диалектілерінде де кірме сөздердің
пайда болуына әкелді. Мәмлүктер билігі кезінде жазылған шығармалардан бастап кездесетін араб тіліндегі
түркі сөздері тек тарихи терминдер қатарын толықтырып қана қоймай, араб елдерінің диалектілерінде,
ауызекі сөйлеу тілінде әлі күнге дейін қолданысқа ие. Бұл жергілікті халықтың рухани өміріндегі түркі тілі
мен Дала мәдениетінің ізін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

14.12.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жұбатова, Б. ., & Аубакирова K. (2019). Түркі-араб тілдік байланыстары: ортағасырлық лексикографиялық дереккөздердегі түркизмдер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 129(4), 72–79. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/585

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар