Өзбекстан Республикасының тарихи саясатындағы Әмір Темірдің рөлі мен маңызы
Қаралымдар: 129 / PDF жүктеулері: 244
Аңдатпа
Бұл мақала тәуелсіз Өзбекстанның Әмір Темірдің бейнесі мысалындағы тарихи
саясатын баяндауға арналған. Мақаланың мақсаты - қазіргі Өзбекстандағы тарихи саясатты ресми
билік өкілдерінің ескерткіштер салу, мерейтойларды атап өту, сондай-ақ өзбек және шетелдік
зерттеушілерінің ұлттық қаһарманды зерттеу арқылы Әмір Темір бейнесін сипаттау мен таратудағы
ерекшеліктерін анықтау. Бұл мақаланың авторлары Әмір Темірдің мысалында осы бейнені жас
ұрпақтың тарихи санасына енгізудің себептері мен тетіктерін көрсетуге тырысты. Әр уақытта
басылған Өзбекстан тарихы бойынша мектеп және ЖОО оқулықтары мен оқу құралдарын талдау
өзбек халқының атасы ұлттық мемлекеттіліктің символына айналғанын және ұлт құру процесінде
белсенді қолданылатынын көрсетеді. Әмір Темір дәуірі қазіргі Қазақстан аумағында болған Алтын
Орда және Моғолстанмен тікелей байланысты, бұл осы кезеңді зерттеудің маңыздылығын көрсетеді.
Аталған факторлар бір ортақ тарихы бар және мемлекеттілік пен ұлт құрылысын анықтау үшін
тарихи маңызды кейіпкерді құру қажеттілігі бар Орталық Азия елдеріндегі осы процестің өзектілігін
түсіндіре алады.