Мәмлүктер билігі кезіндегі қыпшақ-арабсөздіктеріжәне «Тәржүман» ескерткіші: салыстырмалы талдау


Қаралымдар: 52 / PDF жүктеулері: 54

Авторлар

  • Қ.Қ. Аубакирова
  • А.А. Мустафаев

Кілт сөздер:

мәмлүктер, мәмлүк-қыпшақ тілі, араб тілі, ортағасырлық қолжазба, қыпшақша-арабша сөздік, «Тәржүман» ескерткіші.

Аңдатпа

ХІІІ-ХV ғасырларда Мысыр мен Шам жерінде мәмлүк-қыпшақ тілі жайлы жазылған грамматикалық еңбектер, қыпшақша-арабша сөздіктер, атбегілік пен соғыс өнеріне қатысты жәдігерлер мен діни, әдеби, мәдени ескерткіштер жарық көрді. Түркі-қыпшақ тілінде жазылған бұл жәдігерлерді зерттеу арқылы қазіргі түркі халықтарының, әсіресе қыпшақ тобына жататын халықтардың әдеби-мәдени, тілдік тарихын зерттеуде баға жетпес деректерге қолжеткізуге болады. Тілдік еңбектерде иллюстрациялық материал ретінде қолданылған қыпшақ тіліндегі сөздердің қолданысынан сол кездегі Мысыр қоғамығана емес, онымен тығыз байланыста болған Алтын Орда халықтарының да күнделікті тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік, мәдени-тілдік жағдайы туралы ақпарат алуға болады. Берілген мақалада мәмлүктер билігі кезінде қыпшақ тілі туралы классикалық араб тілінде жазылған ортағасырлық қолжазбалармен қыпшақша-арабша сөздіктерге салыстырмалы талдау жасалады.Сонымен қатар «Тәржүман», «Әл-Идрак», «Әт-Тухфа», «Әл-Қауанин» және «Әд-Дурра» ескерткіштерінің қыпшақша-арабша сөздік бөлімдерінің жазылу, сөздердің түзілу ретіне қысқаша сипаттама беріліп, сөздіктердің мазмұндық және құрылымдықерекшеліктеріқарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

25.09.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аубакирова, Қ. ., & Мустафаев, А. . (2021). Мәмлүктер билігі кезіндегі қыпшақ-арабсөздіктеріжәне «Тәржүман» ескерткіші: салыстырмалы талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 136(3), 119–128. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/491

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану