Украиналық қақтығыс жағдайындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа санкциялық қысымның әсері


Қаралымдар: 74 / PDF жүктеулері: 51

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-120-126

Кілт сөздер:

Қазақстан, Ресей, санкциялар, екінші деңгейлі санкциялар, ЕАЭО, сыртқы экономикалық саясат, екіжақты сауда, инвестициялар, бизнесті релокациялау, экономикалық қауіпсіздік, геосаясат

Аңдатпа

Мақалада Украинадағы қақтығысқа байланысты Батыс елдері тарапынан Ресей Федерациясына енгізілген халықаралық санкциялардың Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың сипаты мен динамикасына әсері жан-жақты талданады. Ерекше назар екіжақты сауда құрылымында орын алған өзгерістерге аударылған, соның ішінде жоғары қосылған құны бар өнімдер жеткізілімі көлемінің қысқаруы, шикізат экспорты үлесінің артуы және ұлттық валюталарда есеп айырысу маңыздылығының өсуі қарастырылады. Сондай-ақ, санкциялық қысымның күшеюі және ресейлік компаниялардың халықаралық қаржы нарықтарына қолжетімділігінің шектелуі нәтижесінде екі ел арасындағы инвестициялық ағындардың трансформациясы талданады. Бұл жағдай ресейлік капиталдың қатысуымен жүзеге асатын бірлескен жобаларға батыс инвесторлары тарапынан сенімнің төмендеуіне алып келді.

Зерттеудің жеке аспектісі ретінде Қазақстанға қатысты екінші деңгейлі санкцияларды қолдану қаупін бағалау қарастырылған. Бұл елдің қаржы секторында қатаң комплаенс саясатын енгізу қажеттілігіне және ел аумағы арқылы тауарлардың тасымалдануына кедендік бақылауды күшейту шараларына алып келді. Мақалада Ресей бизнесінің Қазақстан аумағына жаппай релокациясы құбылысы сипатталады. Бұл процесс бір жағынан жұмыс орындарының көбеюіне және салық түсімдерінің артуына ықпал еткен болса, екінші жағынан инфрақұрылымға жүктеменің өсуі мен ішкі нарықтағы бәсекелестіктің күшеюіне себеп болды.

Мақалада өзгеріп жатқан геосаяси жағдайларда Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одағы (ЕАЭО) аясындағы рөлі ашып көрсетіледі және сыртқы сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстардың әрі қарай даму перспективалары талданады. Қазақстанның ұлттық экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сауда-экономикалық серіктестерді әртараптандыруға және санкциялық қысымның теріс салдарын азайтуға бағытталған көпвекторлы сыртқы экономикалық саясатты іске асыруының маңыздылығы атап өтіледі.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кабдулинова , А. ., Кусаинова, А., & Альпеисов , А. . (2026). Украиналық қақтығыс жағдайындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа санкциялық қысымның әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 155(2), 120–126. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-120-126

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану

Most read articles by the same author(s)