Түркияның Орталық Азиядағы саясатының басты бағыттары
Қаралымдар: 239 / PDF жүктеулері: 0 / PDF жүктеулері: 99
Аңдатпа
Орталық Азия еуроатлантикалық аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін стратегиялық маңызды. Бұл аймақтың энергетикалық ресурстары жаһандық энергетикалық қауіпсіздік үшін
өмірлік маңызды және ол мұнай-газ құбырлары мен сауда дәліздері үшін негізгі орталық болып табылады. Бұл мақалада тәуелсіздік алғаннан кейінгі Түркияның Орталық Азия мемлекеттерімен екіжақты
және көпжақты қарым-қатынастарына шолу жасалған. Мақаланың өзектілігі Орталық Азия мемлекеттерінде болып жатқан ірі саяси өзгерістерге байланысты және олардың ішіндегі ең ірі екеуінде саяси
басшылықтың ауысуымен түсіндірледі. Түркия Республикасының Орталық Азиядағы сыртқы саясаты
соңғы отыз жылда өзінің шарықтау шегіне жеткеніне қарамастан, ел екіжақты қатынастарды нығайту
есебінен, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастық шеңберінде өңірдегі маңызды геосаяси ойыншылардың
бірі бола алғаны даусыз болып саналады.
Түркия ең ірі түркітілдес мемлекет ретінде Орталық Азияның жаңа «түркі» мемлекеттерін Түркияның қамқорлығымен Түркі одағын құру – «Ұлы Тұран» жобасы тұрғысынан қарастыруда. Түркі одағы
идеясы Түркияның сыртқы саяси стратегиясының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады, бұл
оның халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Орталық Азия аймағы елдерімен
тарихи, мәдени, тілдік және діни бірегейлік, сондай-ақ Реджеп Тайип Ердоғанның жаңа сыртқы саясаты
мен халықаралық қатынастардағы белсенді рөлі жағдайында Түркия «ұлы ойынның» жаңа қатысушысына айналуда. Осы тұрғыдан алғанда, бұл мақалада Түркия Республикасының Орталық Азиядағы сыртқы
саясатын талдаған кезде бұл мәселе екіжақты және аймақтық форматта зерттеледі