Қазақстанның халықаралық имиджін қалыптастырудағы саяси лидердің факторы


Қаралымдар: 99 / PDF жүктеулері: 33

Авторлар

  • Г.Ж. Кенжалина
  • А.М. Кусаинова
  • Л.К. Ахметжанова

Кілт сөздер:

Қазақстанның халықаралық имиджі, саяси көшбасшы, саяси лидер факторы, Тұңғыш Президент - Елбасы, лидер имиджі, «Назарбаев» имидж-бренді.

Аңдатпа

Тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде әлемде Қазақстанның оң имиджі қалыптасып үлгерді.
Ғасырдың үштен бірінде мемлекет жүйелі және тұрақты түрде жаһандық мақсаттарға бет алды. Бүгінде
елімізді әлемдік қоғамдастық мойындады, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «100 нақты қадам: баршаға
арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын жүйелі түрде орындап, басқа да бірқатар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыра отырып, әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына кіреді. Әлемдік
кеңістіктен тыс кез келген мемлекеттің дамуы мүмкін емес. Тәуелсіздік алған күннен бастап мемлекетіміз
халықаралық аренада өзінің мәртебесі мен беделін дәйекті түрде нығайтты. Мемлекеттік құрылыстың оң
тәжірибесін жетілдіру және елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейту процесінде Қазақстан Республикасының заманауи имиджі қалыптасты. Ол тарихи, геосаяси, мәдени, этникалық, діни, демографиялық және
басқа негіздерде пайда болды және дамыды. Оң имидж мемлекетіміздің әл-ауқаты мен өркендеуі үшін,
әлемдік аренадағы позицияларымызды одан әрі нығайту үшін маңызды.
Мақалада Қазақстанның халықаралық имиджін қалыптастыру контекстіндегі субъективті фактор - саяси көшбасшы факторының рөлі қарастырылады. Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың елді
халықаралық аренада орналастыру процесінде рөлі мен үлесі бағаланып, талданады.

Жүктеулер

Жарияланды

03.12.2020

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кенжалина, Г. ., Кусаинова, А. ., & Ахметжанова, Л. . (2020). Қазақстанның халықаралық имиджін қалыптастырудағы саяси лидердің факторы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 133(4), 76–83. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/532

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)