Қазақ және түрік мақал-мәтелдеріндегі түр-түс атауларының лингвомәдени ерекшеліктері


Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 7

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-307-317

Кілт сөздер:

фразеологиялық тіркестер, мақал, мәтел, ұлттық сипат, құндылық, әлемнің лингвистикалық суреті, ойлау, лингвомәдениет.

Аңдатпа

Мақалада қазақ және түрік мақал-мәтелдеріндегі түр-түс атауларының лингвомәдени және этнолингвистикалық ерекшеліктері жан-жақты зерттеледі. Белгілі түрік ғалымдары Ибрахим Шинаси, Өмер Асым Ақсой, Өмер Фарук Акунның және көрнекті қазақ ғалымдары Мұзафар Әлімбаев, Әбдуали Қайдар, Әлкей Марғұланның мақал-мәтел туралы тың ойлары мен пікірлері сарапталады. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мен ерекшеліктері талданып, түр-түстердің мәдени мәні айқындалады. Қазақ және түрік мәдениетіндегі, халық дүниетанымындағы түстердің қоғамдағы рөлі және маңызы зерттеледі. Мақаланың негізгі мақсаты – түрік және қазақ мақал-мәтелдеріндегі түр-түс атауларының берілу ерекшеліктерін талдай отырып, түс пен реңктің қазақ және түрік халықтарының мәдениетінде қаншалықты маңызды екенін зерделеу. Қазақ және түрік тілдеріндегі мақал-мәтелдер негізінде түр-түс атаулары қамтылған лексемалар талданып, олардың мәдениеттегі орны бағаланады. Бұл лексемаларды эмоцияның құндылығы тұрғысынан қарастыра отырып, қазақ және түрік халықтарының ой әлеміндегі түстердің көрінісін анықтауға әрекет жасалды. Сонымен қатар, түс атауларының өзара байланысы мен мағыналық өрісі зерделенеді. Осы арқылы қазақ және түрік халықтарының түс ұғымына қатысты көзқарастары салыстырмалы түрде талданады. Негізгі теориялық әдістері салыстыру, саралау, жинақтау, жүйелеу.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Токсеитова , А. ., Садықова, Р. ., & Кубдашева, Қ. . (2025). Қазақ және түрік мақал-мәтелдеріндегі түр-түс атауларының лингвомәдени ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 153(4), 307–317. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-307-317

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану