«Көпполюсті әлем» тұжырымдамасы: зерделенуі мен ғылыми-практикалық әлеуеті


Қаралымдар: 172 / PDF жүктеулері: 130

Авторлар

  • Ж.М. Медеубаева
  • Л.К. Ахметжанова

Кілт сөздер:

көпполюсті әлем, сыртқы саясат, доктриналану, көпжақтылық, бірпо-люсті жүйе, көпвекторлық.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі халықаралық қатынастарды зерттеу саласында өзекті бо-лып отырған көпполюсті әлем тұжырымдамасының ғылыми пайымдалуы, доктрина-лық сипатқа ие болуы мен теориялық әлеуетіне сараптама жасау мақсаты қойылған. Сонымен бірге, авторлар көпполюсті әлемдік құрылымның орнығуына кедергі болатын жүйелік шектеулерді қарастырады. Бүгінде көпполюсті әлем идеясын қолдап отырған елдер негізінен экономикалық жағынан қарқынды дамып келе жатқан елдер. Дегенмен, соңғы онжылдықта Батыстағы ірі мемлекеттер де бұл тұжырымдамаға мән бере беста-ды. Көпполюсті әлемнің тұжырымдалуы және доктринаға айналуы Қытайдан бастау алатынына назар аударылып, бұл елде қазірде оның қалай іске асып, қандай өзгеріске ұшырап жатқаны сараланады. Көпполюсті әлемнің қалыптасуы бір күндік үрдіс емес. Бірақ американдық бір полярлылықтың әлсіреуімен белгілі акторлардың мемлекеттік, мемлекеттік емес сипатта жүйелік қатынастарды өз пайдасына шешу үшін қайта құру талпыныстарын жасауы мүмкін. Бұндай жағдай, әрине, жеке мемлекеттердің қауіпсіздігіне тәуекелдер тудырады. Сонымен қатар, америкалық бірполюстіліктің ор-нын толық басуы мүмкін көпполюсті халықаралық жүйенің Қазақстан сияқты орта дәрежедегі мемлекеттердің сыртқы саясатына қысым жасап, көпвекторлық қағидат-тарына өзгеріс әкелуі мүмкін деген қорытынды жасалады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.03.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Медеубаева, Ж. ., & Ахметжанова, Л. (2022). «Көпполюсті әлем» тұжырымдамасы: зерделенуі мен ғылыми-практикалық әлеуеті. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 138(1), 86–96. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/439

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)