Еуропалық Одақтағы босқындар мәселесінің жайы, тәуекелдері мен қауіптері


Қаралымдар: 101 / PDF жүктеулері: 87

Авторлар

Кілт сөздер:

Еуропалық Одақ, көші-қон, бірегейлік, дағдарыс, босқындар, қабылдау

Аңдатпа

Мақалада көші-қон ағындары және олардың ЕО елдерінің экономикалық және саяси өміріне әсері талданады. Еуропалық Одақ мыңдаған жылдар бойы ұстанған Ашық есік саясатының салдарынан қазіргі таңда көптеген әлеуметтік және экономикалық мәселелерге душар болып отырғаны белгілі. Соның салдарынан мемлекеттер арасында араздықтар пайда болуда. Бұл сұрақ көптеген зерттеушілерді қызықтыратыны сөзсіз. Мақалада қазіргі таңдағы Еуропалық Одақ елдерінің көші-қон процестеріне, ерекшеліктеріне және әсер ету факторларына шолу жасалған. Көші-қон дағдарысы өсуінің маңызды салдарының бірі - ұлттық бірегейліктің "бұлыңғырлануы". Сәйкестік дағдарысы және қазіргі жағдайдан шығудың жолын іздеу - Еуропадағы көші-қон процестерін түсіндіру мен зерттеуге ерекше көзқарас тудырады. Босқындар дағдарысы кейбір Еуропа елдерінде саяси-экономикалық және демографиялық мәселелердің өршуіне септігін тигізгені белгілі. Жаппай көші-қон Еуропа елдерінде көптеген практикалық және теориялық проблемалар туғызды. Мақалада осы мәселелер талданып, пайымдауға талпыныс жасалған. Зерттеу жұмысында Еуропалық Одақтың алдына туындаған мәселелерді шешу жолдары және көші-қон процестерін тиімді басқаратын саясат қарастырылады. Бұл  саяси-демографиялық мәселерді шешу жолдарының бірі автор жұмыста көрсеткендей интеграция саясаты болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

29.03.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Туймебай, Ш., & Медеубаева, Ж. (2024). Еуропалық Одақтағы босқындар мәселесінің жайы, тәуекелдері мен қауіптері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 146(1), 46–54. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/219

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)