Халықаралық қатынастар теорияларындағы ғылым мен техника факторы
Қаралымдар: 68 / PDF жүктеулері: 32
Кілт сөздер:
интеграция, ғылыми-техникалық фактор, жаһандық ғылыми қоғамдастық, саясиреализм, либерализм, неолиберализм, конструктивизм, қоғамдағы ғылым мен техника, халықаралық қатынастар теориясы.Аңдатпа
Мақалада халықаралық қатынастар теорияларындағы ғылым мен технология факторы классикалық парадигмалар, саясиреализм, либерализм, неолиберализмнен қазіргі заманғы әлеуметтік конструктивизм және ғылым, технология және қоғам(STS)концепцияларына дейін халықаралық қатынастар мен байланыста қарастырылады. Бір жағынан, зерттеушілер бұл фактордыңмаңыздылығын, әсіресе өсіп кележатқан жаһандану аясында, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен әмбебап цифрландырудың қарыштап дамып келе жатқан заманауи дәуірінде мойындайды. Екінші жағынан, академиялық әдебиеттерде ғылымның, техниканың және халықаралық қатынастардың өзара ықпалын теориялық тұрғыдан түсінуде ол қылық бар. Тақырыптың өзектілігі Қазақстанның әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялану проблемасы контекстіндегі теориялық көзқарастардың концептуализациясымен байланысты.Талдау нәтижесінде ғылымның өзара тәуелділігімен тәуелділігінің заманауи тенденцияларын, қоғамдағы және халықаралық қатынастардағы технологиялық жаңалықтарды көрсететін ең қолайлы концепциялардың бірі авторлардың пікірінше, пәнаралық сала–қоғамдағы ғылым мен техника болып табылады. Қазақстанның халықаралық академиялық қоғамдастыққа одан әрі интеграциялану перспективаларына сүйене отырып, мұндай көзқарас бастапқы кезеңде ғылыми зерттеулерде де, сондай-ақ ғылым саласындағы мемлекеттік жобалармен бағдарламаларды әзірлеумен іске асыруда да пәнаралық байланыстарды орнатуды және кеңейтуді көздейді.