Сырдария өзені бассейнінің су ресурстарын басқару ерекшеліктері және халықаралық ынтымақтастық перспективалары.


Қаралымдар: 72 / PDF жүктеулері: 0 / PDF жүктеулері: 85

Авторлар

  • Г.М. Мусагалиева
  • А.Н. Оспанова
  • С.К. Кушкумбаев

Аңдатпа

. Орталық Азия елдерінде су ресурстарын пайдалану бойынша қызу бәсекелестік бар. Өнеркәсіптік салалардағы суды пайдаланудың төмен тиімділігі, біржақты басқарудан туындаған келеңсіз өзгерістер Орталық Азия елдері арасында қайшылықтар туғызып, саяси дауларға ықпал етеді.
Орталық Азия елдерінің ынтымақтастыққа бейімділігіне қарамастан, суды пайдалану бойынша көптеген әзірлемелер мен жоспарлар мүдделері бір-біріне ішінара қайшы келетін келісілмеген ұлттық стратегияларға негізделген. Даулар әрқашан ынтымақтастықпен қатар болған. Алайда мұндай ынтымақтастық өз әлеуеті бойынша артта қалады және ұлттық басымдықтардың үйлесімділігі мен тұрақтылығын
қамтамасыз етуге бағытталған шын мәнінде аймақтық көзқарасқа айналмайды. Бұл экономикалық дамуды тежейді, әлеуметтік сілкіністерге және қоршаған ортаның деградациясына ықпал етеді және сайып
келгенде аймақтағы ұлттық және аймақтық тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін.[2]
Мақалада Сырдария өзені бассейніндегі трансшекаралық басқарудың ерекшеліктері көрсетілген. Дауларды шешу және су дипломатиясына қол жеткізу жолында мемлекеттер арасында ресми келісімдер
жасау үшін халықаралық ұйымдар мен Орталық Азия өңірлеріндегі трансшекаралық ынтымақтастық
жөніндегі құқықтық құжаттардың маңыздылығы да қарастырылады

Жүктеулер

Қосымша файлдар

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мусагалиева, Г., Оспанова, А., & Кушкумбаев, С. (2023). Сырдария өзені бассейнінің су ресурстарын басқару ерекшеліктері және халықаралық ынтымақтастық перспективалары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 142(1), 190–197. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/116

Most read articles by the same author(s)