Орта Азия елдеріндегі тарихи саясат және ұлт құрылысы: Қазақстан мен Өзбекстандағы саяси ақтау көрінісі
Қаралымдар: 188 / PDF жүктеулері: 0 / PDF жүктеулері: 294
Аңдатпа
Бұл мақала қазіргі Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының аумағындағы
ХХ ғасырдың 20-30 жж. және 50-ші жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау процесіне арналған. Мақаланың мақсаты-бір ортақ тарихы бар екі мемлекет арасындағы ақтау процесінде ортақ және
ерекше, сонымен қатар елдердің интеграциялық процесінде маңызды аумақтық жақындықты саратау.
Бұл мақала авторлары сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын ақтау процесінің мысалында елдердің тарихтағы қайғылы беттерін қайта қарау тәжірибесін көрсетеді. Сараптамалық сұхбаттар мен ресми құжаттарға негізделген талдау көрсеткендей, бұл постколониялық процесс Қазақстан мен Өзбекстанның
ұлт құру үрдісінің бір бөлімі. Сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын ақтау көптеген топтар мен акторларды қамтиды. Бұл факторлар мыңдаған адамның өмірін қиған 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін
шыңының жүз жылдығы қарсаңында аталған процестің маңыздылығын түсіндіре алады.