«Кедей» ұғымына қатысты тілдік бірліктердің этномәдени ерекшелігі (қазақ, қырғыз және түрік тілдерінің материалдары негізінде)
Қаралымдар: 91 / PDF жүктеулері: 121
Кілт сөздер:
кедей, тұрақты тіркестер, мәдени код, мақал-мәтелдер, этнография, этномәдени аспектАңдатпа
Мақала адам макрожүйесіне кіретін «кедей» ұғымына қатысты тілдік бірліктердің этномәдени ерекшелігін қарастыруға арналған. Халықтың болмысын, мәдениетін, рухани және материалдық құндылықтарын, тұрмысын мен танымын, түсінігін тілінен көреміз. Сондықтан зерттеу мақаласының негізгі мақсаты – кедей ұғымының танымдық сипатын анықтау, қазақ, қырғыз, түрік тілдерінде бұл сөздің ерекшелігін, семантикалық мәнін қарастырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын көрсету. Халықтың «кедей» ұғымына қатысты танымы мен ойлары, лексикасы, мақал-мәтелдері, фразеологизмдері мен қанатты сөздері ұсынылды. Қазақ тіліндегі кедей микроконцептісіне кіретін байқұс, жалшы, жарлы, жарлы-жақыбай, қара, қайыршы, қараша сөздерінің семантикасы, лингвотанымдық мәні және осы сөздер арқылы жасалған фразеологизмдерге талдау жасалды. Түрік тіліндегі «yoksul» (кедей) сөзінің этимологиясы, бұл атауға қатысты тұрақты тіркестер этнолингвистикалық тұрғыда сараланды. Үш тілде кездесетін ұқсас фразеологизмдер салыстырылып, айырмашылығы көрсетілді. Жалпы тілдің ішкі мағынасын тану арқылы тұтас этносты, халықты тануға болады. Кедей ұғымына қатысты этномәдени бірліктерді зерттеу, олардың шығу тарихын анықтау, қазіргі таңдағы қолданылу аясын қарастыру, әрі халқымыздың тарихи лексикасында, мәдениетінде, салты мен дәстүріндегі орнын айқындау мақаланың өзектілігін аңғартады.