Хотон мәтіндерінен табылған сөз тіркестері
Қаралымдар: 15 / PDF жүктеулері: 6
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-276-286Кілт сөздер:
Хотон тілі, синтаксис, сөз тіркесі, еркін тіркес, тұрақты тіркес, есімді сөз тіркесі, етістікті сөз тіркесіАңдатпа
Мақаланың мақсаты – жойылған тілдің айғақтарын жарыққа шығару. Соған орай хотон тіліндегі сөз тіркестерінің лингвистикалық сипаттарын ашуды міндет қылып қояды. Мақалада хотон мәтіндерінен табылған сөз тіркестері қарастырылады. Бұл сөз тіркестері хотондар өздері дұғалардың жинағы деп қарайтын, әр түрлі рәсімдерде мұсылмандық сарынмен айтылатын мәтіндерді «Худая» деген атпен шығарған кітаптарынан, оның ішінде құрбан шалу кезінде айтылатын «Гаарва-горво», үйлену рәсімі кезінде жас отбасына берілетін бата сөздер сияқты мәтіндердің ішінен хотон тіліне ғана тән сөз тіркестері жинақталып алынды. Осы сөз тіркестерін еркін сөз тіркесі және тұрақты тіркестер деп бөліп, еркін сөз тіркестері есімді сөз тіркестері және етістікті сөз тіркестері ретінде жіктеліп, әр сөз табына қарай сараланып, қабыса байланысқан, меңгеріле байланысқан және матаса байланысқан сөз тіркестерінің түрлері іздестірілді. Ал тұрақты сөз тіркестерін қазақ тіліндегі тұрақты тіркестермен салыстыру арқылы, екі тілге ортақ фразеологизмдер ретінде көрсетілді, мағыналық сипаттары берілді. Түркі тілдерінің фразеологизмдерімен салыстыруға талпыныс жасалды. Хотон тіліндегі сөз тіркестері өзге түркі тілдеріндегідей жалғамалы тілдердің заңдылықтарына сәйкес тіркесетіндігі көрсетілді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




