Б. Бузанның Орталық Азия аймақтық қауіпсіздігінің кешенді теориясы


Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-28-36

Кілт сөздер:

қауіпсіздік, Орталық Азия, Бузан теориясы, аймақтық қауіпсіздік кешені, Қазақстан, сыртқы саясат

Аңдатпа

Мақала Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздіке қатысты 2003 жылы жарық көрген Барри Бузанның «Өңірлер мен күштер: Халықаралық қауіпсіздік құрылымы» атты кітабында тұжырымдалған аймақтық қауіпсіздік кешені теориясы негізінде институттар мен серіктестіктердің бірлесе жұмыс жасау  тұрғысынан зерттейді.

Бұл теория қауіпсіздік құрылымдарын тұжырымдау үшін талдаудың төрт деңгейін ұсынады, олардың бірі Орталық Азияға қолданылады және аймақтың үйлесімді қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру қабілетін зерттеуге бағытталған. Зерттеу аймақтағы қарым-қатынастардың дамуы, күштердің динамикасы және күш тепе-теңдігі туралы түсінік береді.

Талдауда Қазақстанның  Орталық Азияда қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелеріне қатысты консенсусқа қол жеткізу үшін аймақтық талқылауларды алға жылжытудағы саяси ерік-жігер қалыптастырудағы жетекші рөлін атап көрсетеді. Қазақстанның бастамалары аймақта қауіпсіздік кешеніне тән қатынастарды қалыптастырудағы ұзақ мерзімді мәселелерді шешуге бағытталған стратегиялық қадам ретінде қарастырылады. Мұндай қатынастар қатысушы мемлекеттердің интеграцияланған және ынтымақтастыққа негізделген тәсілдерімен сипатталады. Диалог пен серіктестікке негізделген модельдерді насихаттай отырып, Қазақстан барлық аймақ елдеріне ортақ мәселелерді бірлесе отырып анықтап ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруға ұмтылады.

Бұл зерттеу аймақтық динамиканың өзара әрекеттесуін, күштер тепе-теңдігінің дамуын және Орталық Азияда бірыңғай қауіпсіздік жүйесін құру әлеуетін түсінуге өз үлесін қосады. Сондай-ақ, ол аймақтық тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздік құрылымдарындағы серіктестіктің рөлі туралы кеңірек түсінік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Курмашев D., & Кусаинова, А. . (2025). Б. Бузанның Орталық Азия аймақтық қауіпсіздігінің кешенді теориясы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 152(3), 28–36. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-28-36

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)