Армян-қыпшақ тіліндегі мақал-мәтелдер: семантикалық-құрылымдық талдау


Қаралымдар: 40 / PDF жүктеулері: 16

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-265-275

Кілт сөздер:

армян-қыпшақ тілі, орта ғасыр ескерткіштері, мақал-мәтелдер, мағыналық, құрылымдық

Аңдатпа

Мақалада армян-қыпшақ тілінде жазылған мақал-мәтелдер құрылымдық-семантикалық тұрғыдан қарастырылады. Мақаланың өзектілігі – армян-қыпшақ тілінде мақал-мәтелдерді қазіргі уақытта түркі халықтарында кездесетін мақал-мәтелдермен салыстыра зерттеу тіл білімі мен тіл тарихы үшін аса маңызды, өзекті тақырыптардың бірі. Мақаланың мақсаты – армян-қыпшақ тілінде мақал-мәтелдерді қазіргі уақытта түркі халықтарында кездесетін мақал-мәтелдермен салыстырып, орын алған құрылымдық және мағыналық модификацияларлы (трансформация) анықтау. Аталмыш мақсатқа жету үшін армян-қыпшақ тіліндегі мақал-мәтелдер топшыланып, интерпретацияланды. Қазақ тіліндегі мағыналас мақал-мәтелдермен тұлғалық және мазмұндық сипаты бойынша салыстырмалы талдау жасалып, тұжырымдалады. Зерттеудің ғылыми және теориялық құндылығын мақалада армян-қыпшақ тілінде жазылған мақал-мәтелдерді зерттеген ғалымдардың және неміс ғалымы Меркс Адальберттің еңбектері мен ғылыми мақалаларындағы тұжырымдарының талдауы құрайды. Зерттеудің әдістемесі – армян-қыпшақ тілінде қолданылған мақал-мәтелдердің жасалу жолдарын айқындап, оларды қазіргі қазақ тіліндегі мақал-мәтелдермен салыстыра отырып, семантикалық-құрылымдық талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде армян-қыпшақ тілінде жазылған мақал-мәтелдердің құрылымдық жағынан өзгеріске түскенімен, мағыналық жағынан қазіргі түркі тілдеріндегі мақал-мәтелдермен ұқсастығы анықталады. Алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарында жалпы тіл білімі, түркі тілдерінің тарихы мен мәдениеті бойынша арнайы курстарда және мәдени деректерді қажет ететін оқу құралдарын құрастыруда қолдануға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Серікқазықызы A., & Авакова R. (2025). Армян-қыпшақ тіліндегі мақал-мәтелдер: семантикалық-құрылымдық талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 150(1), 265–275. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-265-275

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану