Жоғары білім жұмсақ күш құралы ретінде: Қазақстандық кейс


Қаралымдар: 43 / PDF жүктеулері: 12

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2024-149-4-109-122

Кілт сөздер:

жұмсақ күш, интеграция, мобильділік, білім алушы, университет, жоғары білім беру жүйесі, жаһандану, білім, ғылым, мәдениет

Аңдатпа

Жоғары білім беру саласы кез келген елдің жұмсақ күш саясатының негізгі құралдарының бірі. Әлемдік дамудың қазіргі кезеңінде жаһандану процесінің әсерінен «жұмсақ күш» ықпал етудің негізгі факторына айналуда. Мемлекеттер тек әскери-саяси, экономикалық ресурстар қуатымен әлемдік саяси бәсекелестікке түспейді, сонымен қатар мәдениет, өнер, ғылым, техника, білім саласындағы жетістіктеріне қатысты бәсекелестікте болады. Сондықтан әлемнің барлық елдері білім мен ғылым саласын дамытуға назар аударуда. Креативті, шығармашыл жастарды тартуға әлемнің жоғары оқу орындарының барлығы мүдделі. Интеллектуалды жастарға деген қажеттілік өзектілігі жыл сайын артуда. Өйткені білімді жастар елдің дамуының негізі көзі. Білімнің интеграциясын жасайтын білім алушылар болғандықтан жоғары оқу орындары арқылы мемлекеттің жұмсақ күш саясаты да жүзеге асады. Шығармашылық ойлайтын, ізденімпаз білімді жастар білім алмасу барысында барған елдің тілін белсенді түрде үйреніп, ғылым мен мәдениеттің жетістіктерімен танысады. Студенттер өзі білім алған елдің құнды әлеуметтік капиталына айналып, еліне жаңа жинақталған білім, байланыстар, жаңа ортаға ие болып, сол елдің тілі мен мәдениетін тиімді жеткізушілерге айналады. Нәтижесінде, «жұмсақ күш» құралы ретіндегі жоғары білімнің рөлі басқа салалардан әлдеқайда жоғары болып шығады. Сондықтан әр мемлекет жоғары білім беру жүйесі арқылы жұмсақ күш саясатын жүзеге асырады. Осы тұрғыда әр мемлекеттің өзіндік ұстанған саясаты мен басым стратегиясы бар.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Дюсембекова, М., Жанпейісова, Қ., & Исаев, Н. (2024). Жоғары білім жұмсақ күш құралы ретінде: Қазақстандық кейс. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 149(4), 109–122. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2024-149-4-109-122

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)