Репатриация бағдарламалары: салыстырмалы талдау (шетелдік және Қазақстан тәжірибесі негізінде)


Қаралымдар: 47 / PDF жүктеулері: 24

Авторлар

  • М.Б. Бақытжан
  • Қ.Д. Жанпейісова
  • Е.Ф. Сергазин

Кілт сөздер:

Этникалық миграция, репатриация, иммигрант, оралман, тарихи отан, босқын, көшу.

Аңдатпа

Мақалада этникалық миграцияның әлемдік және қазақстандық модельдеріне сараптама жүргізіліп, талданды. Диаспора мәселесіне, оны қайтару және тарихи отанына көшіру мысалдары келтірілді. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін егемен ел, халықаралық қауымдастың субъектісі ретінде өз саясатын жүргізе
бастады. Осы уақыттан бері мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде әртүрлі себептермен отанынан ажырап қалған қандастарымызды еліне қайтару жүзеге аса бастады. Осы саясатты жүргізу барысындарепатриацияға байланысты әртүрлі қиындықтар мен мәселелер орын алды. Ол мәселелердің шешілуі мен реттелуінің өзіндік
ерекшеліктері бар екені белгілі. Аталған ерекшеліктерді анықтау мақсатында шетелдердің репатриянттарының қоғалысы мәліметтерін тіркейтін электрондық ақпараттық анықтамалар базаларына талдау жүргізілді. Сондықтан мақалада қазақстандық тәжірибенің жетістіктері мен проблемалары жеке қарастырылды.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бақытжан, М. ., Жанпейісова K. ., & Сергазин, Е. . (2021). Репатриация бағдарламалары: салыстырмалы талдау (шетелдік және Қазақстан тәжірибесі негізінде). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 137(4), 28–34. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/456

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар