Урбанизация және агломерация қалыптасуының жергілікті басқаруға әсері
Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2024-149-4-115-131Кілт сөздер:
урбанизация, қалалық агломерация, жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқару, Қазақстан, талдауАңдатпа
Бұл мақалада урбанизация және агломерация процестерінің жергілікті басқару жүйесіне әсері қарастырылады. Урбанизация мен агломерацияның қарқынды дамуы әкімшілік-аумақтық құрылымдардың қызметіне, жергілікті басқару органдарының жұмыс істеу тәсілдеріне және олардың тиімділігіне айтарлықтай ықпал етеді. Мақалада агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу тетіктері, жобалық басқару тәсілдерін енгізу қажеттілігі және ведомствоаралық үйлестірудің маңызы талданған. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының урбанизация жағдайында шешім қабылдау үдерісіндегі жаңа әдістері мен стратегияларын қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Агломерацияның артықшылықтарын тиімді пайдалану арқылы аймақтық дамуды жеделдету және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар берілген.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы қалалық агломерацияларды басқару ешбір басқару моделіне сәйкес келмейді. Қалалық агломерацияның орталығы болып табылатын қала қалалық әкімдік арқылы басқарылады, ал агломерацияға кіретін елді мекендер облыстық әкімдікке бағынады. Бұл агломерацияны біртұтас урбанизацияланған құрылым ретінде кешенді түрде қарастыруға кедергі келтіреді. Сонымен қатар, үлкен қашықтықтар тұрғындардың өмірін айтарлықтай қиындатады. Жергілікті тұрғындардың күнделікті өмірі қала орталығымен тығыз байланысты болғанымен, бұл байланыс мемлекеттік басқару жүйесінде мүлдем ескерілмейді. Мұндай басқару жүйесінде агломерациялық аумақтың тұтастығы бұзылып, агломерацияның оң әсерін дамыту мүмкін болмай отыр.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.