Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі халықаралық ұйымдардың рөлі: ШЫҰ және НАТО мысалы ретінде
Қаралымдар: 39 / PDF жүктеулері: 4
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2024-149-4-143-155Кілт сөздер:
Орталық азия, Шанхай ынтықтастық ұйымы, НАТО (Солтүстік Альянс), аймақтық қауіпсіздік, терроризм, есірткі айналымыАңдатпа
Мақалада ШЫҰ мен НАТО-ның Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны мен маңызы жан-жақты қарастырылады. Аймақтың дамуына әсер ететін экономикалық және геосаяси үдерістердің негізгі аспектілері талданады. Терроризмге, экстремизмге және есірткі трафигіне қарсы күрестегі көпжақты ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше атап өтіледі. ШЫҰ аймақ елдері мен Қытай, Ресей сияқты ірі державалар арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтудың алаңы ретінде көрінеді. Сонымен қатар, НАТО серіктестік бағдарламалар арқылы қорғаныс жүйелерін жаңғыртуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Мақалада бұл ұйымдардың аймақтағы әсерін анықтайтын әртүрлі тәсілдері мен геосаяси мүдделері талданады. Халықаралық ұйымдармен тепе-тең әрі сындарлы ынтымақтастық аймақтық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі маңызды фактор ретінде көрсетіледі. Авторлар барлық тараптардың мүдделерін ескере отырып, көпжақты өзара іс-қимылды тереңдету бойынша ұсыныстар береді. Нәтижесінде ШЫҰ мен НАТО-ның ықпалын ескеретін кешенді тәсілдің Орталық Азияның ұзақ мерзімді дамуы үшін қажеттілігі атап өтіледі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.