Классикалық геосаясат негіздері: германдық мектептің эволюциясы


Қаралымдар: 222 / PDF жүктеулері: 0 / PDF жүктеулері: 727

Авторлар

  • Ж.С. Кыдыров
  • Қ.Ғ. Даркенов
  • А.М. Джанысова

Аңдатпа

Зерттеу тақырыбының өзектілігі классикалық геосаясат негіздерін зерттеудің маңыздылығымен сипатталады. Мақалада авторлар геосаясаттың мәні мен
оның маңыздылығын ашады. Мақаланың негізгі мақсаты-геосаясаттың ғылым ретінде
теориялық негізін құрайтын негізгі теориялар мен көзқарастар қарастыру. Мемлекет
алып жатқан аумақ, оның мөлшері, құрамы және конфигурациясы басты геосаяси фактор болып табылады. Осылайша, геосаясат теориялық тұрғыдан алғанда, ең алдымен
мемлекеттің аумақтық мүдделері туралы ғылым. Соңғы оқиғалар контексінде халықтардың геосаяси мүдделері демократиялық және өркениетті жолмен, бейбіт қатар
өмір сүру және мемлекеттік құрылым мен мемлекеттік одақтардың жаңа нысандары негізінде достастықта бірігу арқылы жүзеге асырылуы керек. Бастапқыда геосаясат ғылым ретінде сыртқы экономикалық және саяси қызмет арқылы кеңістіктік
жағдайдың қолайсыз сәттерін бейтараптандыру және өтеу мүмкіндігі туралы идеялар
арқылы қалыптасты. Басқа мемлекеттерге қарсы әскери агрессияны теориялық негіздеу әрекеттері болды, мысалы, мұндай кезең Германияда болды және ол бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен сипатталды. Бұл факт геосаясатқа теріс көзқарасты
анықтады. Бүгінгі таңда көптеген сарапшылар геосаясат саясаттың негізін қалаушы
екендігімен келіседі, бұл тарихи тұрғыдан алғашқы қоғамдағы адамдардың үлкен ұйымдасқан топтары өздерінің орналасқан жерін, іс-әрекеттері мен басқа қарабайыр әлеуметтік қауымдастықтармен қарым-қатынасын анықтаған кезде расталады. Бұл
мақаладағы авторлар классикалық геосаясаттың негіздерін, терминнің мағынасын қарастырады және батыс ғалымдарының көзқарастарының эволюциясын зерттейді. Мақсатқа жету үшін авторлар әдістерді қолданады және батыс зерттеушілерінің әртүрлі
еңбектерін талдайды.

Жүктеулер

Қосымша файлдар

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кыдыров, Ж., Даркенов, Қ., & Джанысова, А. (2023). Классикалық геосаясат негіздері: германдық мектептің эволюциясы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 142(1), 174–180. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/113

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар