Халықаралық қатынастарда экономикалық дипломатияны жүзеге асырудағы оффтейк мәселелері
Қаралымдар: 41 / PDF жүктеулері: 50
Кілт сөздер:
оффтейк, экономикалық дипломатия, халықаралық қатынастар, ұлттық мүдде, инвестиция, сауда, энергетика, әлемдік нарықАңдатпа
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде экономикалық дипломатия мемлекеттердің сыртқы саясатындағы маңызды құралға айналып отыр. Оны жүзеге асыру әдістерінің бірі алдын ала келісілген шарттарда белгілі бір көлемдегі тауарларды немесе қызметтерді сатып алу туралы келісім-оффтейк. Бұл мемлекеттің ұлттық мақсаттарына жету мен сыртқы экономикалық қарым-қатынастарды нығайту үшін халықаралық қатынастарда жүзеге асырылатын экономикалық дипломатияның құралы. Оффтейк мемлекеттер арасында сенім орнатуға ықпал етеді, экономикалық байланыстарды кеңейтуде және халықаралық қатынастарда мемлекеттің экономикалық мүдделерін жүзеге асыруда тиімді құрал ретінде танылып келеді. Оффтейктің артықшылықтарының бірі халықаралық экономикалық қарым-қатынастарда келісім шарт жасасып отырған екі мемлекет үшін өзара тиімділікті қамтамасыз ете алады.
Сонымен қатар, оффтейк – инвестиция тартудың тиімді құралы. Өнімді немесе қызметті сатып алуға кепілдік бере отырып, мемлекет өндірісті кеңейту және отандық өнімдерінің сапасын жақсарту үшін қаржылық ресурстарды тарта алады. Оффтейк инвесторлар үшін ынталандыру тетігі болып табылады, ол өнім мен қызмет түрлеріне деген сұранысты тұрақтылық қамтамасыз ете отырып, болашақтағы қажеттілікті болжай ете алады. Мақалада экономикалық дипломатия аясында оффтейктің рөлі, оның халықаралық қатынастар мен экономикалық ынтымақтастыққа әсері қарастырылады. Мақалада оффтейктің энергетика, ауыл шаруашылығы, сауда және инвестиция сияқты әртүрлі секторлардағы келісімдердің мысалдары негізінде сараланады. Сонымен қатар, авторлар мемлекет пен корпорациялар арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытудағы оффтейктің үлесін де талдауға талпыныс жасаған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.