Қазақстан Республикасының экономикалық дипломатиясының өзекті мәселелері
Қаралымдар: 134 / PDF жүктеулері: 139
Кілт сөздер:
экономикалық дипломатия, коммерциялық дипломатия, қоғамдық ұйымдар, сауда-экономикалық қатынастар, экспорт, Қазақстан, стратегиялық серіктестерАңдатпа
Қазіргі таңда халықаралық қатынастардың күрделенуі сыртқы экономикалық байланыстарға жан-жақты әсерін тигізіп отырғандығын байқатады. Экономикалық мәселелер халықаралық қатынастар жүйесінде әрдайым маңызды орында тұратындығы белгілі. Бүгінгі әлемдік коньюнктурадағы саяси және экономикалық факторлар сыртқы нарыққа да ықпал етіп, ұлттық өнімдерді ілгерлету мен сату бойынша бірқатар мәселелерді тудырып отыр. Халықаралық деңгейде отандық бизнесті қолдау мен оның өнімдерін шетел нарығында сатуға қолайлы жағдай туғызу – мемлекеттік саясаттың өзекті міндеттердің бірі. Осы ретте экономикалық дипломатияның мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану еліміздің өркендеуіне оң әсер етеді, сыртқы экономикалық мақсаттарды жүзеге асыруға ықпалын тигізеді. Ұлттық экономиканың бәсекелестігін әлемдік нарық деңгейінде көтеруде экономикалық дипломатияның алатын орны ерекше. Автордың пайымдауынша, халықаралық қатынастардың бүгінгі жағдайында Қазақстан Республикасы шетелдермен өзара сауда-экономикалық серіктестік қарым-қатынасты кеңейте отырып, ұлттық экономиканы дамыта алады. Қазақстанның экономикалық дипломатиялық байланыстарын нығайтуы аймақтың саяси-экономикалық ахуалына да оң әсер етеді, инвестиция тартуға қолайлы жағдайлар қалыптасады, алыс-жақын шетелдермен ынтымақтастықты одан әрі ұлғайтуға мол мүмкіндіктер туады. Осындай мәселелер Қазақстан Республикасының экономикалық дипломатиясын зерттеу мен оның құрамдас бөлігі саналатын коммерциялық дипломатияның мәні мен мазмұнын ашуды өзектендіріп отыр. Бұл мақалада Қазақстанның экономикалық дипломатиясының ерекшелігі мен осы бағыттағы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың атқаратын іс-шараларын саралауға талпыныс жасалған. Автор отандық кәсіпорындардың бәселестігін бағалауда, оларды шетел нарығына бейімдеуде, отандық тауарлардың халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін анықтауда экономикалық дипломатияның рөлін анықтаған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.