Қытайдың экономикалық дипломатиясының қалыптасу және даму ерекшеліктері
Қаралымдар: 48 / PDF жүктеулері: 29
Кілт сөздер:
халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат, экономикалық дипломатия, әдістер, экономикалық ынталандыру, Қытай бастамасы.Аңдатпа
Мақалада авторлар экономикалық дипломатияның мәнін ашуға, тәжірибелік сарапшылардың ғылыми көзқарастары мен пікірлерін салыстыруға тырысты. Сондай-ақ, авторлар Қытайдың
экономикалық дипломатиясының қалыптасу және даму ерекшеліктеріне, оның қазіргі халықаралық қатынастардағы рөліне талдау жасады Қытай бастамасының түйінді идеяларын жүзеге асыру аясында Қытай мен басқа елдер арасындағы ынтымақтастықтың жаңа нысандары қарастырылып, экономикалық дипломатияның әдістері талданады. Қытайдың экономикалық дипломатиясының ерекшелігі оның қазіргі
сыртқы саяси доктринасына бағынуында, сонымен қатар олардың сыртқы экономикалық байланыста
қолданатын әдістерінде. Қытай экономикалық дипломатиясы саласында сауда байланыстарын кеңейтуге, жаңа серіктестер мен нарықты іздеуге, сауда-экономикалық қарым-қатынаста преференциялық
жеңілдіктер беруге ерекше назар аударылады. Елдің экономикалық дипломатиясы Қытай үкіметінің
идеялары аясында ынтымақтастықтың жаңа түрлерін таңдау арқылы ұзақ мерзімді саяси бағытты жүзеге асыруға бағытталған. ҚХР-ның Қытай басшылары бастаған халықаралық жобаларға қатысушылармен өзара әрекеттестігі прагматикалық және жан-жақты. Сонымен қатар, сарапшылар жомарт көмек
көрсету, инвестиция тарту, ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және әлем елдерін желіге
тартуды ынталандырудың басқа түрлері арқылы Қытай экономикасына басқа елдердің тәуелді болу қаупі туралы ескертеді.