Қазіргі халықаралық қатынастардағы қоғамдық дипломатия аясындағы цифрлық дипломатия мәселелері
Қаралымдар: 48 / PDF жүктеулері: 26
Кілт сөздер:
қоғамдық дипломатия, цифрлық және электрондық дипломатия, әлеуметтік желі, мемлекеттік басқару, халықаралық қатынастар, жұмсақ күш.Аңдатпа
Қазіргі цифрлік технологиялардың дамуы дипломатиялық
байланыстардың жаңа формасы цифрлік дипломатияның қалыптасуына әкелді.
Бұл мақала цифрлік дипломатияның даму сипаты мен оның халықаралық қатынастарға әсерін анықтауға талпыныс болып табылады. Авторлар халықаралық аренада
өз елінің мүддесін қорғаудағы әлеуметтік желілердің рөлін анықтауға тырысады.
Олардың пікірінше, цифрлық дипломатияны әлемдік деңгейде маңызды мәселелерді шешуде оң құрал ретінде пайдалануға болады. Сонымен бірге, цифрлық дипломатия жария дипломатия аясында қарастырылып, алдыңғы қатарлы мемлекеттерде сыртқы саясатта қолданылатын дәстүрлі әдістермен қатар жүреді деген ой
пайымдайды. Алайда, цифрлік дипломатия мемлекеттер мен басқа да қоғам институттары арасында жаңа инновациялық ықпалдасу түрлерін ашу мүмкіндіктерімен
қатар, ақпараттарға қатысты қауіп-қатерлердің алдын алуға мүмкіндік туғызады.
Авторлар осы жағдайларға байланысты дипломатиялық қарым-қатынастардың заманауи формасы әлдеқайда тиімді және болашағы жарқын деген болжамға келеді.