Корей қоғамы және ащы тағам: корейліктердің татымды дәмге сүйіспеншілігі


Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 19

Авторлар

  • Ан Сан Хун
  • К.С. Калиева

Кілт сөздер:

татымды дәм, кочуджан, кимчи, ттокпокки, ащы рамен, индустриализация, урбанизация, экономикалық дағдарыс, эндорфин, капсаицин, психологиялық рахат, депрессия, маркетинг, тамақ компаниясы.

Аңдатпа

Бұл мақала Кореядағы ащы дәмдердің танымал болатын әлеуметтік-мәдени факторларды
зерттеуге арналған. Ащы дәм көптеген корейлерге тән. Алайда ащы тағам Кореяда өндірістік - дамыған
және индустриалды ел болған кезде пайда болды. Корейлер жейтін тамақтың татымды дәміне байланысты
шаршағандықты ұмытып, жиналған күйзелістен арылуы мүмкін. Кореядағы индустрияландырудың кеңеюіне
қарай және 1990 жылдардың аяғындағы экономикалық дағдарысты бастан өткізгеннен кейін, корейлер ащы
тағамдарды көбірек ұната бастады. Себебі, татымды дәм мидың жүйкелерін ынталандырады. Бұл күйзелісті
жеңілдетуге немесе көңіл-күйді өзгертуге септігін тигізеді. Ащы тағамға деген үрдіс корейлік тағамның беделді бейнесіне айналады, сонымен қатар аспаздық мәдениеттің ғаламдық беталысына әсер етеді. Татымды
дәм корей тағамдарының әдеттегі хош иістерінің бірі екендігі рас болса да, қазіргі уақытта Кореяда кеңінен
таралған ащы дәм корейлердің дәстүрлі тағамдарының ащы дәмі емес, көпұлтты тамақ компанияларының
маркетингтік әсерінің нәтижесі болып саналады.

Жүктеулер

Жарияланды

14.12.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сан Хун, А. ., & Калиева, К. (2019). Корей қоғамы және ащы тағам: корейліктердің татымды дәмге сүйіспеншілігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 129(4), 112–116. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/590