М.Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрік” шығармасындағы мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты


Қаралымдар: 50 / PDF жүктеулері: 30

Авторлар

  • Ж.Н. Алашбаева

Кілт сөздер:

мақал-мәтелдер, М.Қашқари, «Диуани лұғат ат-түрк», ұлттық мәдениет, халық даналығы, мәдениет.

Аңдатпа

Mақалада М.Қашқаридың әйгілі шығармасы «Диуани лұғат ат-түркте» келтірілген мақал-мәтелдердің этномәдени аспектілері қарастырылған. ХІ ғасырдағы түркі әлеміндегі белгілі ойшыл Махмұт Қашқаридың „Диуани лұғат ат-түрік“ еңбегінде түрлі қоғамдық топқа жататын адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті адамгершілік, әдептілік мәселелері көтеріледі.Автор халық ауыз әдебиеті игіліктерін пайдалану негізінде баяндау мәтінін ғибратты және өнегелі бағытта әрлендірген. Тәлімді ойшыл ғалымның ұстанымы ақыл-парасат арнасы сөз өнерінен, нақыл сөздерден, даналық ойлардан, ақиқаттан бастау алды. Мақал-мәтелдерді қолдану негізінде автордың ойы оқырманға жеңіл жеткізіледі және оның есінде көпке дейін сақталады. Бүгінде Махмұт Қашқаридың көптеген қанатты, нақыл сөздері ел арасына кеңінен тараған. Мақалада түрлі мақал-мәтелдерге этномәдени ракурста талдау жасалған.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2018

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алашбаева, Ж. . (2018). М.Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрік” шығармасындағы мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 125(4), 92–96. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/380

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану