Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» шығармасындағы мақал-мәтелдердің әлеуметтік-мәдени сипаттамасы
Қаралымдар: 50 / PDF жүктеулері: 34
Кілт сөздер:
мақал-мәтелдер, Ж.Баласағұн, Құтадғу біліг, ұлттық мәдениет, халық даналығы, мәдениет.Аңдатпа
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі ХІ ғасырда жазылған түркі халықтарына ортақ жәдігер. Ол түркі халықтарының өмір тарихынан, қоғамдық саяси ахуалынан сыр шертеді. Жүсіп Баласағұн «Түмен сөз түйінін бір сөзбен шеш» деп сөздің мазмұнына мән беру керектігін айтады. Яғни аз сөзбен көп мағына беруді, ойды айшықты әрі дәл жеткізуді меңзейді. «Құтадғу білік» адамдардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын заң қызметін атқарған. Адамды жақсылыққа, ақылға, білімге, өзін-өзі тәрбиелеуге үндейді. Түркітану ғылымында жаңа бетбұрыстарға жол ашты. Шетелдік және отандық ғалымдар зерттеп, тіл ғалымдары түркі жазбаларына аударма жасап, ғылыми айналымға енгізді. Шығармада толықтай мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, философиялық ойлар берілген. Орта ғасырлық мәдениеттен сыр шертетін және көркемсөз әлемінде маңызды туынды.