Германия түркология мектептері, орталықтары мен ЖОО-ның ғылыми және білім беру қызметінің кейбір аспектілері
Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 92
Кілт сөздер:
Германия түркологиясы, қазіргі түркі тілдері, Майнз Иоханнес Гутенберг университеті, қазақ тілі, түрік тілі, оқу бағдарламасы, түркітану, тарихи мектептер, зерттеу еңбектері.Аңдатпа
Европадағы түркология мектептерінің арасында Германия түркологиясының тарихы терең екені баршаға мәлім. Мақаланың негізгі мақсаты – Германия түркологиясындағы қазақ тілінің оқытылу жағдайына шолу жасау. Мақала авторлары Германиядағы тарихи түркітану орталықтарын, қазіргі таңдағы түркітанушы-профессорлардың зерттеу бағыттары мен Германия университеттеріндегі түркітану мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнын атап өтеді. Авторлардың пікірінше, олардың арасында ерекше үлеске Германиядағы түркология бойынша негізгі орталықтардың бірі болып саналатын Майнц университеті (Mainz Johannes Gutenberg University) түркология кафедрасының ғалымдары лайықты. Жалпы, университеттің білім беру бағдарламалары мен оқуға түсу шарттары туралы мәліметтер назар аудартады. Ғылыми және білім беру туралы мәліметтер білім басқармасының басшысы Юлиан Рентш мырзамен сұхбат барысында алынды. Сонымен қатар, түркітанумен айналысатын орталықтар мен университет туралы барлық қажетті ақпараттар Майнц және басқа да Германия университеттерінің ресми парақшасында көрсетілген. Майнц университетінде түрік тілімен қатар қазақ тілі мен әдебиеті және мәдениетін оқытуға да көңіл бөлініп, бұл туралы зерттеулер белсенді түрде жүргізілетін айта кеткен жөн. Мысалы, түркі әдебиеттерінің ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер ерекше орын алады және А.Құнанбаев, М.Әуезов, Ә.Кекілбаев, О.Сүлейменов, І.Есенберлин сынды қазақтың белгілі ақын жазушыларының көптеген еңбектері неміс тіліне аударылғанын да байқауға болады. Мақаламыз алдағы уақытта Германиядағы түркология бөлімдерінде білім алғысы келетін жастар мен осы салада ізденіс жүргізетін зерттеушілерге өз үлесін қосады деп ойлаймыз.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.