Еуропалық Одақтағы босқындар мәселесінің жайы, тәуекелдері мен қауіптері
Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 75
Кілт сөздер:
Еуропалық Одақ, көші-қон, бірегейлік, дағдарыс, босқындар, қабылдауАңдатпа
Мақалада көші-қон ағындары және олардың ЕО елдерінің экономикалық және саяси өміріне әсері талданады. Еуропалық Одақ мыңдаған жылдар бойы ұстанған Ашық есік саясатының салдарынан қазіргі таңда көптеген әлеуметтік және экономикалық мәселелерге душар болып отырғаны белгілі. Соның салдарынан мемлекеттер арасында араздықтар пайда болуда. Бұл сұрақ көптеген зерттеушілерді қызықтыратыны сөзсіз. Мақалада қазіргі таңдағы Еуропалық Одақ елдерінің көші-қон процестеріне, ерекшеліктеріне және әсер ету факторларына шолу жасалған. Көші-қон дағдарысы өсуінің маңызды салдарының бірі - ұлттық бірегейліктің "бұлыңғырлануы". Сәйкестік дағдарысы және қазіргі жағдайдан шығудың жолын іздеу - Еуропадағы көші-қон процестерін түсіндіру мен зерттеуге ерекше көзқарас тудырады. Босқындар дағдарысы кейбір Еуропа елдерінде саяси-экономикалық және демографиялық мәселелердің өршуіне септігін тигізгені белгілі. Жаппай көші-қон Еуропа елдерінде көптеген практикалық және теориялық проблемалар туғызды. Мақалада осы мәселелер талданып, пайымдауға талпыныс жасалған. Зерттеу жұмысында Еуропалық Одақтың алдына туындаған мәселелерді шешу жолдары және көші-қон процестерін тиімді басқаратын саясат қарастырылады. Бұл саяси-демографиялық мәселерді шешу жолдарының бірі автор жұмыста көрсеткендей интеграция саясаты болып табылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.