Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Транскапий тасымал бағытының бүгінгі жайы мен әлеуеті
Қаралымдар: 84 / PDF жүктеулері: 102
Кілт сөздер:
Еуропалық Одақ, Қазақстан, Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ), энергетикалық дағдарыс, диверсификация, «Жаһандық қақпа» бағдарламасыАңдатпа
Мақалада ағымдағы геосаяси ахуал жағдайында ерекше геоэкономикалық мәнге ие болып отырған Транскаспий халықаралық көлік бағытының жай-жапсарын талдау мақсаты қойылған. Бүгінгі күні Украина соғысына байланысты Ресейге салынған санкциялардың нәтижесінде Еуропалық Одақта орын алған энергетикалық дағдарыс пен Қазақстанның тасымал саласындағы бір елге тәуелділігінің жағымсыз әсерлері бұл дәліздің мәнін ерекше көтеріп отыр. Қазақстан басшылығының сыртқы экономикалық байланыстар жолдарын әртараптандыру әрекеттері және Еуропалық Одақтың энергия көздерімен қамтамасыз етудің жаңа мүмкіндіктерін іздестіру саясатындағы бұдан арғы қадамдар осы дәліздің әлеуетінің артып, барынша іске қосылуына ықпал етеді деп ойлауға негіз бар. Сонымен қатар, Еуропалық Одақ Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі саясатын толығымен қолдай отырып, оның «жаһандық қақпа» жаңа бағдарламасына сәйкестігін атап өтеді.