Қазақстан мен Ресейдегі мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың өзара әрекеттесу ерекшеліктері


Қаралымдар: 114 / PDF жүктеулері: 202

Авторлар

  • М.А. Айдаркожин
  • М.Р. Муканов
  • М.Ә. Болысбек

Кілт сөздер:

дәстүрлі медиа, әлеуметтік желілер, ақпараттық саясат, медиатизация

Аңдатпа

Ақпарат қоғамның тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті ең маңызды ресурстардың бірі болып табылады, ал жаңалықтар мен әлеуметтік желілер саяси дискурста өсіп келе жатқан рөл атқарады. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлі ақпаратты жинау, өңдеу және тарату, одан да маңыздысы, қоғамдық пікірді қалыптастыру құралы ретінде айқындалады. Осы себепті, бүгінгі күні біздің елімізде болып жатқан мемлекеттік реформалар мен қайта құруларды жүзеге асыруда мемлекеттік қызметкерлердің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы ерекше маңызға ие, соның нәтижесінде олардың өзара іс-қимылының ерекше сипаты қалыптасады.

Бұл мақалада мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттестігіне әсер ететін және олардың мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы рөлін анықтайтын әртүрлі факторлар талқыланады. Бұл мақалада мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың негізгі алушысы ретінде дәстүрлі БАҚ-қа көбірек мән берілген. Зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ақпараттық кеңістігіндегі негізгі проблемалық мәселелер айқындалып, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік аппараттың өзара тиімді әрекеттесуі бойынша ұсыныстар жасалды.

Бұл зерттеудің мақсаты БАҚ-тың Қазақстанның және Ресейдың саяси процестеріне қатысу деңгейін және олардың саяси реформалар мен идеологияны ілгерілетуге қатысуын анықтау болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

15.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Айдаркожин, М., Муканов, М., & Болысбек, М. (2023). Қазақстан мен Ресейдегі мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың өзара әрекеттесу ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 144(3), 119–128. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/213

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану

Most read articles by the same author(s)