Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегіндегі аспан әлемінің тілдік-концептуалдық бейнесі
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
Махмұт Қашқари, «Диуани лұғат-ит-түрік», аспан әлемі, әлемнің тілдік бейнесі, концепт, космоним, астрономиялық лексика, түркі дүниетанымы, халықтық астрономия, тарихи сабақтастықАңдатпа
Мақалада Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегіндегі аспан әлеміне қатысты тілдік бірліктер лингвомәдени және концептуалдық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – ортағасырлық түркілердің ғарыш туралы дүниетанымын тілдік деректер негізінде анықтап, аспан әлемінің концептуалдық жүйесін сипаттау және оның қазіргі қазақ тіліндегі тарихи-мәдени сабақтастығын айқындау. Зерттеу барысында kök, čıɣrı, tegre, kün, ay, yulduz, Temür kazuk, Ülker, Yetigen, Karakuŝ, Erentüz, Bakırsokım тәрізді космонимдер мен астрономиялық ұғымдар семантикалық және мәдени-танымдық тұрғыдан талданады. Аталған тілдік бірліктер арқылы түркілердің аспан құрылымы, ғарыштық қозғалыс, уақыт пен кеңістік, күн мен айдың циклдік қозғалысы, жұлдыздар арқылы бағыт-бағдар анықтау және табиғат құбылыстарын болжау жөніндегі түсініктері жүйеленеді. Сонымен қатар аспан денелерін антропоморфтық және зооморфтық модельдер арқылы тану ерекшеліктері айқындалады. Мақалада М. Қашқари дәуіріндегі космологиялық ұғымдардың қазіргі қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінде, халықтық астрономиялық атаулар мен дәстүрлі дүниетанымда сақталуы тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде «Диуани лұғат-ит-түріктегі» астрономиялық лексика ортағасырлық түркілердің халықтық астрономиялық білімін, мифологиялық танымын және ғаламды концептуалдау ерекшеліктерін танытатын күрделі мәдени-танымдық жүйе екені тұжырымдалады.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.



